• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қыркүйек, 2017

Энергетика тақырыбындағы форум

280 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Болашақ энергиясына бас­тар жол» XI Еуразиялық Kazenergy форумының пленарлық отырысына қатысты.

Премьер-Министр шараға қаты­сушыларға бүгінгі форум тақы­ры­бының маңыздылығын айтып өтті.

«Шынымен де, біздің көз алдымызда жаһандық энергетикалық нарықтың жаңа моделіне көшудің бірегей процесі өріс алып жатыр. Біз экономикалық даму мен ғаламшар экожүйесін сақтау арасындағы теңгерім негізінде тұрақты энер­ге­тикалық дамуды қамтамасыз ету маңыздылығының идеясын қол­даймыз»,  деді ол.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев  ЭКСПО-2017 мұрасы әлемдік энергетика жүйесінің дамуына әрі жаһандық энергетиканың тұрақты дамуының жаңа үлгілерін қалып­тас­тыруға серпін беретінін айтты.

Премьер-Министр Қазақстан Үкіметінің тұрақты энергетика саласында табысты ынтымақтастық орнатуға әзір екенін мәлімдеді, сонымен қатар форум делегаттарын энергетикалық сын-тегеуріндердің шешімін бірлесіп табуға және сындарлы диалог жүргізуге шақырды.

Бұдан өзге, пленарлық отырыста Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович, Исландияның экс-президенті Оулавюр Рагнар Гримссон, БАӘ энергетика министрі Сухейл Мұхаммед әл-Мазруи, Венесуэланың мұнай және тау-кен өнеркәсібі министрі Эулохио Дель Пино және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.

Форум аясында пленарлық және бағдарламалық секциялар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөң­гелек үстелдер, инновациялық мектеп, жастар форумы және әйел­дер­дің энергетикалық клубынан тұра­тын форум ішілік шаралар кешені ұйымдастырылды.