10 қыркүйекте Атырау облысының аумағында "Бекіре" алдын алу шарасы басталды,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
11 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауын жоспарлы тексеру кезінде Исатай ауданы Жанбай селосында Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар əлемі инспекциясы мен облыстық ІІД қызметкерлері 15 "Байда" заңсыз жүзу құралын анықтады.
Қазір жергілікті атқарушы орган қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, анықталған жүзу құралдары заңмен белгіленген тəртіпте алынады.
Заңсыз балық аулайтын жүзу құралдары табылған балықшылар қалашығының тұрғындарына заңға сəйкес əрекет ету жайы айтылған болатын. 30 наурызда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев балықшылар салық органдарында жеке кəсіпкер ретінде тіркеліп, аулаған балықтарын өткізу үшін өндірістік кооперативтермен ресми келісім-шартқа отырулары керек екенін ескерткен. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы жағалаудағы ауыл тұрғындарына "Браконьерлікке жол жоқ"атты акция аясында бос жұмыс орындарының жəрмеңкелерін өткізді. Жəрмеңкеге облыстағы 7 ірі компания қатысты, олардың қатарында "Болашақ-Атырау" ЖШС, "Орион Групп", "Іскер Консорциум", "ККТС" ЖШС, "Сичим С.п.А.Казахстан" компаниясының филиалы, "Денхолм-Жолдас" ЖШС, "Фиркрофт Инжиниринг Сервисез Лимитед" компаниясының филиалы болды. Нəтижесінде 89 адам аталған мекемелерге жұмысқа орналасты, 29 адам тестілеу сынағынан өтпеді, 9 адам ұсынған жұмыстан бас тартты.