• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қыркүйек, 2017

Қарым-қатынастар жайы сөз болды

354 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Ба­қыт­жан Сағынтаев БАӘ Пре­мьер-министрі Кеңсесінің басшысы Мұхаммед Аб­далла Әл-Гаргавимен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында эконо­ми­каның түрлі салаларында екі­жақты қарым-қатынасты дамыту, елдер арасында стратегиялық серік­тестік орнату және бірлес­кен инвестициялық жобалар­ды іске асыру мәселелері тал­қы­ланды. Қазақстанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру, өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау туралы келісім жобасы туралы, сондай-ақ «Астана» ха­лықаралық қаржы орталығын дамыту аясында ынтымақтастық туралы Қазақстанның бастамаларын іске асыру тақырыптары қозғалды.

М. Әл-Гаргави Астанада Ис­лам Ынты­мақ­тастығы Ұйымы­ның Ғылым және технологиялар жө­ніндегі бірінші саммиті мен ЭКСПО-2017-ні өткізудің жо­ғары деңгейін атап өтті және Қазақ­станның тәжірибесі Ду­бай қала­сында келесі ЭКСПО ха­лық­ара­лық көрмесін лайықты өткі­зу­ге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Бақытжан Сағын­таев өза­ра қарым-қатынасты да­мытудың оң қар­қынын атап өтті және қазақстандық тарап оны әрі қарай нығайту мен дамытуға бар­лық күш-жігерін салады деп сендірді.

Соңғы жаңалықтар