• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қыркүйек, 2017

Дін саласындағы заң жобасы талқыланды

372 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әзірленген заң жобасын талқылау бойынша қоғамдық пікір көшбасшылары мен ғылыми-сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің дөңгелек үстелі өтті. 

 

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын, Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Галимова, сондай-ақ белгілі ғалымдар, дінтанушылар, тео­логтар, заңгерлер, блогерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкіл- дері, сарапшылар қатысқан аталмыш жиын барысында заң жобасына ен­гі­зіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты тал­қыланды.

«Біз заң жобасының жұмысына мемлекеттік органдармен қатар, қо­ғамның да белсенді араласуына мүд­деліміз. Біз үшін азаматтық қоғамның барлық өкілдерімен ашық сұхбат жүргізу маңызды», деп атап өтті вице-министр Берік Арын өз сөзінде.

Заң жобасын талқылауға қатысты маңызды басқосуға қатысушылар дін саласындағы заңнаманы жетілдірудің және аталған құжатты қабылдаудың қажет­тілігіне жалпы қолдау көр­сете оты­рып, өз ескертулері мен ұсыныс­тарын жеткізді.

Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев заң жобасын дайындау барысында мем­лекеттік органдардың, қоғам­дық бірлестіктердің, сарапшылар қауым­дастығы мен азаматтардың ұсыныс­тары мен пікірлері барынша ескері­летінін, қолданыстағы заң­на­маларға жаңа нормаларды енгізуде халық­аралық тәжірибеге баса назар аударыла­тынын атап өтті.

Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ