• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Жазғы спорт 12 Қыркүйек, 2017

«Астана» командалық сында үздік шықты

247 рет
көрсетілді

Велоспорттан Испания тасжолдарында өткен «Вуэльта-2017» көпкүндігі аяқталды.

Биыл 72-ші рет ұйымдастырылған турнир қазақстандық «Астана» велокомандасы үшін өте сәтті өтті. Алексей Луценко 23 тамызда «Вуэльтаның» 5-ші кезеңін жеңіп алса, «Астананың» колумбиялық шабондозы Мигель Анхель Лопес 11-ші және 15-ші таулы кезеңдерінде топ жарды.

Велокөпкүндіктің қорытындысы бойынша, британиялық Крис Фрум («Sky») жекелей бәсекеде жеңімпаз атанды. «Астана» командасы сапынан ең үздік нәтижені Мигель Анхель Лопес көрсетті. «Вуэльтаның» екі кезеңін жеңіп алған Лопес жалпы көрсеткіште 9-орынға тұрақтады. Ал «Астананың» басқа өкілдерінің орны мынадай: Фабио Ару – 13-орын, Пельо Бильбао – 23, Луис Леон Санчес – 31, Алексей Луценко – 73, Сергей Чернецкий – 94, Лауренс Де Врез – 122 және Никита Стальнов – 145.

Ал командалық жарыста «Астана» вело­командасы үздік атанды. 3300 шақырымға созылған тасжолды елорда командасы 247 сағат 16 минут 21 секундта жүріп өтті. «Астанадан» алты минут 16 секунд қалып қойған испаниялық «Movistar» екінші орын иеленді. Үздік үштікті «Team Sky» қорытындылады. Британиялық команданың велошабандоздары мәреге біздің клубтан 8 минут 12 секунд кейін келген.

Әли БИТӨРЕ, «Егемен Қазақстан»