Алматыдағы Ұлттық кітапханада Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың бір кепілі – көне кітаптар» тақырыбында кітаптар көрмесі ашылды.
Көрмеде мұражай қоры жинағындағы ХІХ-ХХ ғасыларға тән бірегей кітаптар мен қолжазбалар экспозицияланып, көпшілікке осы жәдігерлер туралы мәлімет беретін деректер қамтылған.
Бүгінде 24000-нан астам заттай жәдігер мен көне жазба ескерткіштер топтамаларын сақтап отырған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы қоры Отырар өлкесінің тарихи ескерткіштерін қорғау, жәдігерлерді сақтау, насихаттау бағытында көп жұмыс атқарып отыр.
Отырар қорық-мұражайы қорының бастамасымен, қор қамқорлығындағы жәдігерлерді насихаттап, таныстыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш көрмеде жазба ескерткіштер қорындағы құнды баспа жәдігерлері мен қолжазбалар алматылықтар назарына ұсынылып отыр.
Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ