• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2017

Ақтөбеде 13 кәсіпорын тоқтап тұр

373 рет
көрсетілді

Ия, айна қатесі жоқ шындық, тақырыпқа шығарып отырғанымыздай өндірісі өрге басып тұр делініп жүрген Ақтөбе аймағының өзінде 13 өндірістік кәсіпорын тоқтап тұр.

Қуаттап, қолдап, қол соғатындай құбылыс емес, әрине. Бұған дейінгі жүргізілген журналистік талдаулар мен зерттеулер бұлардың тоқтап тұрып қалуының белгілі бір объективті себептері бар екенін аңғартады. Сондықтан бұл кәсіпорындарға жергілікті атқарушы билік органдары тарапынан ұстанылып отырған көзқарас та әрі тартпай, бері тарту сипатына келіңкірейді. Бұлай болатын себебі осы кәсіпорындардың қатарындағы «НТС-Трактор» , «Алғабас», «Әдемі», «Ақ руно», «Компания Текше Тас» секілді кәсіпорындар қайтадан сілкініп, темір бетон сақиналарын, плита желімін, сүт-айран және басқа да өнімдер өндіру бойынша қам-қарекеттер жасап отыр екен.

Бос тұрған кәсіпорындарды іске қосу отандық өндірістерді технологиялық тұрғыдан қайа жаңғырту талаптарымен үндес әрі өзектес. Сондықтан да осы орайда облыста тиімді шаралар қабылдау қажеттігі белгіленген. Көрсетілген міндеттер қазіргі кезде қиын жағдайда қалған кәсіпорындарға барынша қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді. Бұл бағытта оны бірнеше нақты жолдар мен тәсілдер арқылы іске асыру қарастырылған. Мұның біріншісі жаңа инвестор іздестіруге негізделсе, екіншісі өндіріс орындарын жалға беру мүмкіндіктерін көздейді. Сонымен қатар тұрып қалған кәсіпорындардың базасында бизнес инкубаторлар құру қажеттілігі де тығырықтан шығудың бір жолы деп табылып отыр.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»