• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қыркүйек, 2017

Қазақстанда дене шынықтырумен шұғылданатын азаматтар саны артып келеді

324 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында спорт инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан азаматтарын дене шынықтырумен шұғылдануға тарту бойынша жұмыстардың нәтижелері қаралды. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2016 жылдың қорытындысы бойынша төрт млн астам адамды немесе халықтың 27,4% дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамту қамтамасыз етілгенін баяндады. Үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,3% өскен. Бұл тұста жүйелі айналысатын балалар мен жасөспірімдер үлесі 15,3% құрайды. Бүгінде ЖОО-лардың студенттерінің 20%, колледждерде - 30% спортқа тартылған.

Спортпен шұғылданатын мүгедектер үшін жағдайлар жасалуда. 2009 жылдан бері спортпен шұғылданушыларды қамту 4%-дан 10,2% дейін артқан.

Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар үлесі 2013 жылғы 5,9%-дан 2016 жылы 7,7% дейін артты. Ұлттық спорт түрлері бойынша бүгінде елімізде 7 арнайы спорт клубымен Астанада ұлттық және ат спорты түрлері орталығы жұмыс істейді. 

«Қазақстан барысы» жобасы біздің ұлттық спорттық брендімізге айналып үлгерді, «Еуразия барысы» және «Әлем барысы» турнирлерін ұйымдастыру арқылы ол халықаралық деңгейге шықты. Осының арқасында ауылдардағы балалар мен жастар қазақ күресі секцияларына белсене қатысуда. Материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комитетінің XI сессиясының қорытындысы бойынша қазақ күресі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді»,— деп атап өтті А. Мұхамедиұлы.

Бұқаралық спорттың маңызды құрауышы президенттік тестілер болып табылады. Жыл сайын оларға төрт миллионнан астам адам қатысады. 

Елімізде 11,1 мың спорт құрылымдары бар, 2015 жылмен салыстырғанда олардың саны 4% артқан. 2017 жылдың басынан бері аймақтарда жергілікті бюджет пен демеушілер қаражатының есебінен 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Тағы төрт облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

ҚР Премьер-Министрі еліміздің кейбір мектептерінде спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі бар екенін атап өтті, осыған байланысты аймақтардың әкімдеріне бұл мәселені бақылауға алу тапсырылды. Сонымен қатар бірқатар мектептердің спорт залдары жоқ, Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселеге де барынша назар аударып, балаларды спортқа тартуда кешенді тәсілді енгізу керек.