• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2017

Алматыда «Ал­тын­шы сезім» ат­ты сурет көр­­месі өтуде

770 рет
көрсетілді

Бұл күндері Ал­­ма­тыдағы Ә.Қастеев аты­н­­дағы мем­­лекеттік өнер му­зейі­н­­де ке­ме­ліне кел­­ген дизайнер әрі су­рет­­ші Бал­нұр Асано­ва­ның «Ал­тын­шы сезім» ат­ты жеке көр­­месі өтуде.

 

– Мен жарқын түстерді ұнатамын, әлемді тек қана ашық бояулар арқылы сезінемін. Әсіресе, ұлттық бояу – жаныма жақын. Жан дүниемде тыныштық орнағанда ғана су­реттер саламын, – дейтін өрелі өнер ие­сі­нің, «Астана», «Дастарқан», «Киіз үй», «Бәй­терек», «Хан Шатыр», «Домбыра ұс­та­ған қыз» атты гобелендеріне ешкімге ұқса­май­тын ерекше түстік үйлесім тән. 

 Шебер суретші көрмеге келушілермен сұлулыққа деген құш­тарлығымен бөліскісі келеді. Оның то­қы­ма композицияларының ерекше образ­ды әлемінде өткен мен бүгін, бақыт, махаббат, сұлулық туралы поэтикалық және фи­лософиялық ойлар біртұтас ою-өрнектік ас­тарлы мәнге ие. 

Балнұрдың картиналарындағы түстердің үйлесімділігі мен түрлі-түсті реңктердің бі­рік­кен байланысы, бояудың ашықтығы кө­рерменнің көңіл-күйін көтеріп, адам бойына қуат береді. 

Суретші өз ең­бектерінде ға­сыр­лар бойы қа­лып­тасқан түс­тер мен бел­гілердің күр­­де­лі нышанда­ры­на да үлкен мән бе­ре­тінін өнер сын­шы­лары да айтып жүр. Оның кес­кін­де­мелері мен го­бе­­лендерінде дәс­түр­­лі өнердің жаңа мүм­­кіндіктері көр­се­тіледі әрі сөз­бен жет­кізе алмай­­тын ерек­ше тар­тым- д­ы­лығын сақтап қалады. 

Ең бастысы, Балнұрдың шығарма­шы­лығымен бірге ғылыми қызметті қатар алып жүргені қу­антады. У-шу, әлем-жәлем даңғаза кештер­ден бойын аулақ салатын суретші көш­пен­ді өркениеттің ғажайыбы саналатын көр­кем киіз және қазақ мәдениетінің, декор-өр­нек бейнелемесі мен оның заманауи ди­зайнерлік тәжірибеде қолданылуын, көне жә­не ортағасырлық кезеңде қазақ ұлттық ки­імі­нің тарихи және этнографиялық дамуын зерттеумен айналысады.

Дизайнер ретінде әбден кемеліне келген Асанова ерсі эксперименттерге бармай-ақ, өз әлеміндегі бәсекелестерін мойындата білді.  Балнұрдың шығармашылығында өзіндік мотивтен ажырамайтын, бұлжымайтын тұ­жы­рымды алға сүйрейтін тамаша стиль бар екендігін атаған жөн. 

 Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ