• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2017

Халықаралық конкурс жеңімпазы атанды

353 рет
көрсетілді

Назарбаев университеті 55-тен астам қатысушы елдерді қамтитын Дүниежүзілік жоба менеджменті қауым­дастығының (IPMA) «Жылдың ең үздік жобасы» және «Ең үздік әлеуметтік жоба» номинацияларында Қазақстаннан ұсынылған екі жобаның финалисі және 2017 жылдың жоба менеджментіндегі ең үздік практикалар халықаралық конкурсының (International Project Excellence Award 2017) жеңімпазы болды.  

Жобаны басқару саласындағы танымал мамандардан тұратын халықаралық қазылар алқасы «2017 жылдың ең үздік жобасы» номинациясында бірінші орынды (алтын медаль) Назарбаев уни­верситетіне Медицина мек­тебі ғимаратының құрылысын салғаны үшін берді. 2017 жылы Қазақстан үшін бірегей және әлеуметтік маңызды жоба – Ме­дицина мектебі ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға енгізілді. Ол жобалық басқа­рудың көмегімен табысты іске асырылды. Медицина мектебінің ғимараты сәулет дизайнымен ғана бірегей жоба емес, сонымен қатар интеграцияланған ака­демиялық денсаулық сақтау жүйесі шоғырланған жер болып табы­лады. 

«Бірінші орынды біз құрылыс жобасын іске асырғанымыз – әріптестерімізбен бірге төрт жыл бойы Медицина мектебін құрғанымыз үшін алдық. Бұл жобаны біз барлық санаттағы үздік әлемдік тәжірибе мен стандарттар бойынша іске асырдық», деп атап өтті Назарбаев уни­верситеті президентінің әкім­шілік-қаржылық басқару мәсе­лелері жөніндегі консультанты, Қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының вице-президенті Мақсат Мамашев.

Сондай-ақ, Назарбаев уни­верситеті «Ең үздік әлеу­меттік жоба-2017» номинациясында «Назарбаев университеті – көш­басшылық және Қазақ­стандағы білім беру реформасын дамыту» жобасы үшін екінші орын (күміс медаль) иегері болды. 

«Егемен-ақпарат»