• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2017

Адалдықты дәріптейтін клубтар ашылды

515 рет
көрсетілді

Ақмола облысының білім беру мекемелерінде 5-11 сынып оқушыларының арасында ерікті түрде 500-ге тарта «Адал ұрпақ» атты мектеп  клубы құрылып, өз жұмыстарын бастады. Аталған клубтардың құрамына мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімдері және оқушылар кіріп отыр.

 

Қазіргі таңда тәрбиелік жұ­мыс­тың моделдік жо­с­парын жүзеге асыру үшін құрылған 495 клубта мек­тептегі сыбай­лас жем­қор­лыққа қарсы мәде­ниетті қалыптастыру жайы ке­ңінен талқылануда. Оны жү­зеге асыру үшін клубтар­дың же­тек­­шілері тағайында­лып, ал­дағы атқаратын жұмыс­тың жоспары да бекітіл­ген.

Сынып жетекшілері 1-4 сынып оқушы­ла­рымен бір­ле­сіп, жыл бойы ар, намыс, жауапкершілік, қа­дір-қасиет, мейірімділік, қайы­рымдылық, әділдік және адалдық қасиеттерін насихаттайтын театрландырылған қойы­лымдар қоятын болады. Бұл қойылымдарды ұйым­дас­тырудағы басты мақсат – балаларды қайырымды әрі жауапкершілікті болуға үй­ре­ту, сондай-ақ, әділдікпен адал­дық әр адамның ішкі жан дүниесінде болатындығын бала санасына сіңіру. Клуб­тар тарапынан 5-8 сынып оқу­шылары арасында «Мем­ле­кеттік қызмет – елдің мүдде­сіне адал еңбек» эссесі бойынша сайыстар өткізіледі. Бұл сайысты өткізудегі бас­ты мақсат өскелең ұрпақтың бойында күнделікті әрбір аза­мат­тың қажеттіліктері мен мүдделеріне адал қызмет жасау, елдің даму басымдықтары мен мақсаттарын жүзеге асы­ратын маңызды институт ретіндегі мемлекеттік қыз­мет­ке деген түсінікті қа­лып­­тастыру.

Бұдан басқа, Ақмола облысының білім бе­ру басқармасы сайтының «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бөлімінен қазіргі қолданыстағы заңнамалармен, бе­кітілген жоспарлармен, ат­қа­рылған жұмыстармен және сыбайластықтың алдын алуға қатысты ақпараттармен танысуға болатындығын атап өткеніміз орынды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы