Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы болып саналатын «Тәуелсіздік және гуманизм» монуметіне гүл шоғын қойды, деп хабарлады akorda.kz
Тәуелсіздік алаңында орналасқан сәулет кешенінде Өзбекстан картасы бейнеленген қола глобус пен қолына бала ұстаған ананың мүсіні бар.
Композиция авторы – танымал өзбек сәулетшісі Ильхом Жабборов.