• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:41

Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды

10 рет
көрсетілді

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктіге сот-психиатриялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сараптама қорытындысы шыққан соң іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтің айтуынша, күдіктіге ақыл-есінің дұрыстығын тексеру 1 ай ішінде жүргізіледі. Қорытынды алынғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

«Сараптама нәтижесі қолымызға тиген соң, қылмыстық іс сотқа жолданады. Уайымдауға негіз жоқ», деді Бауыржан Әленов Сенат кулуарында.

Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді

Министрлік өкілінің айтуынша, мұндай тексеру – барлық қылмыстық істерге қатысы бар тұлғаларға қолданылатын кешенді рәсім.

Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қазіргі уақытта психикалық ауытқуы бар адамдарға арналған арнайы мекемеде отыр. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс кісі өлтіру, мәжбүрлеп некеге тұрғызу және сталкинг фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.

Мәжбүрлі түрде емделеді: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті психикалық мекемеге жіберілді

Соңғы жаңалықтар