Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Ташкент қаласының ең көрнекті орындарының бірі саналатын «Төле би кесенесі» сәулет кешініне барды, деп хабарлады akorda.kz.
Кесенеде қазақтың атақты тарихи қайраткері Төле би жерленген. Бұл сәулет ескерткіші – қазіргі Ташкент аумағындағы ең көне ескерткіш. Кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Онда мемлекеттер басшылары бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді.