• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2017

«БізАлматымыз» жобасының алғашқы форумы өтті

236 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда Алматы қаласын «ақылды» қала ретінде дамытуға азаматтарды тарту мақсатында, 430 мың еуро көлемінде Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен, «БізАлматымыз» жобасының шеңберінде ұйымдастырылған бірінші форум өтті. «БізАлматымыз» жобасын British Council (Британдық Кеңес), Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ іске асыруда.

«Алматы қаласына азаматтық белсенділік мәдениетін тарату» атты «БізАлматымыз» жобасының бірінші форумы мемлекет, бизнес, шығармашылық және әлеуметтік сектор өкілдері үшін азаматтық белсенділігтің ең тиімді жолдарын талқылау мүмкіндігін беретін диалог алаңына айналды. Форум барысында қатысушылар Алматының  2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында  азаматтық белсенділігтің орны, сонымен қатар қала әкімшілігі мен азаматтар арасында тығыз байланысты орнатудың мүмкіндіктері және  қаланы дамытуға қоғамды тарту бойынша бірыңғай платформа құрылу перспективалары туралы мағұлмат алды.

Сондай-ақ,  Форумда Ұлыбританияның  үлгісі негізінде қала өміріне азаматтарды тартудың табысты кейстері ұсынылды. Кейт Демпстер, Британдық Кеңестің азаматтық коғам және басқару сұрақтары бойынша аға кеңесшісі,  азаматтық тартудың өмір сапасына, қоғамдағы оң өзгерістерге , мәдениет деңгейін арттыруына қандай әсер ететіні туралы шолу жасады. Джаки Робертс,  Shoreditch Trust қайырымдылық қорының атқарушы директоры,  қалалардың дамуына  үлес қосу үшін қала  тұрғындарының қандай  жауапкершілік пен рөлдерді атқару керектігі туралы баяндады.

Форум шеңберінде Алматы қаласын өміріне азаматтарды белсенді тарту бойынша жобалар мен бастамалар жәрмеңкесі өтті. Форумның соңында қатысушылар Алматы қаласын азаматтық тарту мәдениетін тарату үшін үш бағыт бойынша ұсыныстар жасады: азаматтық белсенділікті арттыру, Алматы қаласында  әлеуметтік кәсіпкерлік қолдау және  Алматыны ыңғайлы қала ретінде дамыту. Бірінші форумның талқылау нәтижелері «БізАлматымыз» жобасының шеңберінде өткізілетін келесі форумдар мен іс-шаралардың тақырыптарын дамытуына негіз болады.

«БізАлматымыз» жобасы 2017 жылдың сәуір айында Алматы қаласын "ақылды", жұмыс пен өмірге ыңғайлы қала ретінде дамыту мақсатымен  іске асырылған. Үш жылға  созылатын жоба қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік органдарының Алматы қаласының экономикасын дамытуға азаматтарды тартуға және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға қажетті машықтары мен мүмкіндіктері болуы үшін олардың әлеуетін арттыруға ықпалдасатын болады.