Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің тамаша дене даярлығы Sports Illustrated басылымының «әлемнің ең шымыр спортшыларының» рейтингіне енуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.
Геннадий рейтингтің 11-інші орнына орналасып, тізімдегі жалғыз боксшы атанды.
Сонымен қатар, рейтингке аралас жекпе-жек бойынша екі жауынгер - Конор Макгрегор мен Деметриус Джонсон енді.
Бұған дейін БАҚ GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке дайындығы барысында оның тамаша дене бітімін жарыса жазған болатын.