Мақтарал ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру жөніндегі мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тегембаев жүргізен жиынға қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қызмет ұсынушы бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және қызмет алушы тұрғындар жиынға қатысты. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының бас маманы, топ жетекшісі Сарғалдақов Нұржан Қыдырбайұлы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының бас маманы Жұмақұлов Арман Бабақұлұлы, Халыққа қызмет көрсету орталығы Мақтарал аудандық бөлімі басшысының орынбасары Қасымбек Нұржан Әнуарұлы баяндама жасап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты көптеген жаңалықтармен жиынға қатысушыларды хабардар етті.
Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Тұрымбетов Ерлан Әбдібақытұлының айтуынша, Мақтарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері, қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерімен ағымдағы жылдың 6 айында ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес 91 қызмет түрi көрсетiлген. 2017 жылдың 6 айында – 206 877 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде қағаз жүзінде, тікелей – 182 887 қызмет, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациялары Цондар арқылы – 11 974 (6%), қызмет электронды үкіметтің веб-порталы арқылы – 12 016 (6%) қызмет жүзеге асқан.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерінің, дербес бөлімдердің және мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен слайд арқылы электронды цифрлық қолтаңба алу, e.gov.kz порталынан қызметтер алу мүмкіндіктері кеңінен түсіндіріліп, барлық елді мекендерде мектеп базасын пайдалана отырып, слайд арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар, ауылдық округтерде кеңес беру және электрондық түрде қызметтерді алу бойынша 24 қала, кент, ауылдық округтері әкімдерінің 48 маманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында оқытудан өткізілген.
Көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру барысында аудан әкімдігінің ресми Maktaral.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі ашылып, онда қоғамдық мониторинг қорытындысы, жауапты мамандар, байланыс телефондары, инфографикалар, жылдық, тоқсандық есептер және салаға қатысты өзгеде ақпараттар орналастырылған. Сонымен бірге, веб-сайтта ЭЦҚ алудың тиімді тәсілдері мен ыңғайлы бейнероликтер орнатылып, қызметтер тізілімі арқылы қажетті қызметті таңдай отырып e.gov.kz порталына өту мүмкіндігі қарастырылған.