• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қыркүйек, 2017

Павлодарда көрмеге оқушылардың 250 жұмысы қойылды

2039 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Оқшылар сарайында «Сәлем сарай» күзгі көрме таңқаларлық. Көрмеде  «Достық шеберханасы» және «Атамұра» бөлімінде негізінен бейнелеу өнері мен қолданбалы-сән шығармашылық жұмыстары  орын алған.

Жалпы, сарайдағы  қолөнер, сурет үйірмесін  Дәуірбек Жақсылыққызы бірнеше жылдар бойы басқарып келеді. Дәуірбек апайдың шәкірттері көрмеде өздері жасаған гобеленмен тігу, жүннен жасалған бұйымдар, ши техникасында орындалған жұмыстар, ұлттық ойыншықтарын көрсетті.

Оқушылар сарайында «Сырмақ» қол өнер үйірмесі жұмыс жасауда. Ұмытылып бара жатқан ұлттық қолданбалы қол өнерімізді жаңғырту, жас ұрпаққа үйрету мақсатында: ши тоқу, ши орау, жүнді түту, иіру, құрақ құрау, кесте тігу, ою –өрнекті ою тәсілдері және алаша тоқу жүзеге асырылуда.

Күнтізбелік бағдарлама балалардың жас ерекшелігі және нешінші жыл үйірмеде оқитыны ескеріліп жасалынады, сабақ жоспар бойынша өткізіледі. Балалардың жұмыстары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге бірнеше рет қатысып, жүлделі орындарды алды. 

Сарайдың  «Декор» шығармашылық студиясының жетекшісі Елена Мирзоян да  фоамираннан жасалған бұйымдар,  картиналар, бисерден өрілген бұйымдар жасапты.

Және де «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларының шәкірттері де жеткешілері - Елена Каркавина және Васелина Дмитриевамен бірлесіп тушь, акварель, гуашь, қарындаш, фломастер, түрлі-түсті саз балшықпен илеу, қауырсынмен бояп түрлі сурттер салыпты.

Сарайда оқушылардың сабақтан бос уақыттарында келіп, үйірмелерде өздері қалаған  шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалған. 

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген  Әсем Айыпова