• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2017

«Егеменнің»  авторы ЮНИСЕФ медалімен марапатталды

280 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың көктемінде халықаралық ЮНИСЕФ Балалар қоры мен «Құқықтық медиа-центр» орталығының ұйымдастыруымен балалар мәселесін көтерген журналистер арасында байқау жарияланған болатын. 

Жуырда аталмыш байқаудың қорытындысы шығарылып, баспасөз беттерінде жарияланған 200-ден астам мақала мен теле-радио бағдарламалар арасынан үздік деп танылған материалдар анықталды.

«Баспасөздегі үздік мақала» номинациясы бойынша «Егемен Қазақстанның» тұрақты авторы Шарафат Жылқыбаева газетте жарияланған мақалалары үшін ЮНИСЕФ-тің арнайы медалымен марапатталды. Біз әріптесімізді жүлдесімен құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктер тілейміз.

«Егемен Қазақстан» ұжымы

 

Соңғы жаңалықтар