• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2017

Сора егіп сорлап қалды

1354 рет
көрсетілді

Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Иса­бе­ковтің көкнәрші Молдарәсіл туралы жазған көркем дүниесі бар. Күніне бір мәрте көкнәр езіп ішіп, сосын қалың ұйқыға кетіп кәйіп болмайынша бас сүйегі сынып, денесі қақсайтын киеванның соңы сол әдеби кейіпкермен біткен жоқ. Оңтүстіктің күнгей аудандарының бірінде кісісі өліп қаралы болып жатқан үйдің жаназасынан кейін берілетін шайында көкнәр болмаса бетін сипап, етегін қағып орнынан тұрып кететін шалдар әлі де бар.

Осындай жағдайда көкнәр, қарасора нағыз табыс көзі. Жақында Мақтаарал ауданында жұмысы жоқ бір азамат жеңіл пайда табамын деп құрыққа түсті.

Бір азаматтың қарасора егетіндігі жөнінде ақпар алған Мақтаарал АІІБ қызметкерлері күдіктінің үйіне келеді. Сырт көзге ілік іздей­тіндей дүние жоқ. Аулада қолдағы малдың қыс­тайғы азығы – бір мая шөп жиналған. По­лиция қызметкерлері маяны ашып қараса, арасына сора егілген екен.  Сонымен, полиция қызметкерлері заттай дәлел ретінде жалпы салмағы 1,5 кило болатын 6 түп сора және 130 гр кептірілген марихуана­ тәркілейді. Күдіктінің үйін тінтіп шыққан тәр­тіп сақшылары қағазға оралған 15 гр болатын есірт­кі заттарын да тапты. 

Осыған орай Мақтаарал АІІБ қызметкерлері ҚК 4-і бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Зерт­ханалық тексеру тағайындалды. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сора егемін деп сормаңдай болған азамат енді шерменде күй кешіп отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы