• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бокс 30 Қыркүйек, 2017

Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

180 рет
көрсетілді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

АҚШ-тың Даллас қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз алғашқы раундта америкалық қарсыласы Эйбур Райтты техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл Вирджиниядан шыққан 34 жастағы боксшының спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін екі қарсыласынан басым түскен екен.