Қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауға байланысты алдағы екі жылда үлкен ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні белгілі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ол жан-жақты ашып көрсетілген де. Осыған орай Ақмола облысы демократиялық күштерінің коалициясы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қолдау білдірді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан ақпаратында Президенттің бағдарламалық мақаласы жаңа идеологиялық құжат екендігі ерекше аталған. Бұл ретте «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов былай дейді: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы латын әліпбиіне ауысудың жоспарын ұсынды, республиканы латын әліпбиіне көшіру – бұл уақыт талабы». Шынында да қазір технология мен инновация тек латын тілінде тарайтындықтан Елбасы да өз мақаласында мұны нақты жазған: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл да өз сөзінде статистикаға жүгіне отырып, әлем халықтарының 80 пайызы латын әліпбиін пайдаланатындығын алға тартты. «Әлемдік ақпараттың басым бөлігі соның көмегі арқылы жасалады, яғни бүкіл адамзат қазіргі заманғы технологияларды игеру, өркениетті қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін осы жалпы қабылданған графиканы меңгеруге ұмтылады», – деді ол. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Өйткені мұндай ауқымды міндеттерді жүзеге асыру да оңай шаруа емесі тағы түсінікті. Бұл орайда филология ғылымдарының кандидаты Бердібай Шалабай құзыретті ақпарат жұмысының қажеттілігін көлденең тартты. Профессордың пайымынша, латын әліпбиіне өтуге нақты әзірлік қажет. «Әлемде латын графикасы басты орындарда болды және солай қалып отыр. Бүгінгі күннің шындықтары Қазақстанды тарихи тұрғыдан жақын түркітілдес елдермен сенімді мәдени-саяси қатынастар орнатуды талап етеді», – дейді Б.Шалабай. Талқылау барысында өзге де қатысушылар тарапынан бірқатар ойлар айтылып, пікірлер ортаға салынды.
Осылайша «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында бас қосқан Ақмола облысы демократиялық күштерінің коалициясы мүшелері Президенттің бағдарламалық мақаласына және қазақ әліпбиінен латынға көшу жобасына бірауыздан қолдау білдірді.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы