• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Қазан, 2017

3D режімде ота жасау мүмкіндігі бар

249 рет
көрсетілді

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің шақыртуымен өңірге ше­б­ер­лік сыныбын өткізу үшін Күншығыс еліндегі Симанэ университетінің профессоры Йошихиро Носо келді. 

 

Университеттің медициналық орталығында «Хирур­гия және онкологиядағы инновациялық техно­ло­гиялар» тақы­рыбында өткен шеберлік-сыны­бы­на интерн-дәрі­герлер мен хирургия саласының рези­денттері қатысты.

Бүгінде лапароскопиялық оталар 3D режімде ең жаңа шетелдік құрылғылармен жасалуда.

– 3D экраны бар, іш құрылысының ауқымды бейнесін көрсететін технология кез келген клиникада бола бермейді. Мен сіздердің құрылғыларыңызға таң қалып отырмын, медициналық орталықтарыңыз өте жақсы жабдықталған, – деп бағалады жергілікті орталықпен танысқан Йошихиро Носо.

Жаңа технологиялар медицина қызметкерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр.

– Лапароскопиялық оталардың белгілі шектеулері болады, біз операция барысында органдардың қаншалықты терең орналасқанын көре алмаймыз. Ал 3D режім немесе стерео-режім бұл кемшілікті жояды деп айтуға болады, – деді ҚММУ № 2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Ермек Тұрғұнов.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ