Дүниежүзілік қариялар күніне орай С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің жанынан «Ардагерлер үйі» ашылды.
G
M
T
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский
Звуковая функция ограничена 200 символами
Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
Іші кең, терезелерінен жарық төгілген ғимаратта қариялар үшін барлық жағдай жасалған. Демалатын жұмсақ жиһаздар, теледидар, шахмат, дойбы ойнайтын, газет-журналдар оқитын үстелдер қойылған. Қабырғаларына үш бидің суреті, ардагерлер ұйымының жұмысынан фотосуреттер ілінген. Бір жақ шетінде аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының бөлмесі де бар.
Салтанатты шарада аудан әкімі Бибоз Шаяхметов сөйлеп: «Бұл жер – ағаларымыздың өзара араласып отыруына қолайлы орта. Бұған дейін де ардагерлер бөлмесін аудандық мешітте ашқанбыз. Алдағы уақытта осы ардагерлер үйінде бас қосқан жиындарыңыз еліміздің болашағына, жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен септігін тигізеді деген сенімдемін», деп жұмысына сәттілік тіледі.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев: «Мұндай кең ардагерлер үйі облысымызда бірінші рет біздің ауданда ашылып отыр», деп жиналғандарға ақ тілегін арнады. Аудан басшысы бастаған ардагерлер ғимарат алдына жас талдар отырғызды. Қатысушылар ардагерлердің ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін аралағаны түсірілген бейнебаянды тамашалады.
Қанат ҒҰМАРОВ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы