Бәлкім, ол соңғы да болуы мүмкін. Өйткені «Қазақстан» баспа үйі» ЖШС-нің осынау рухани өміріміздің бір құндылығына айналған басылымды одан әрі шығаруға қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЕлімізде күнтізбе шығару кешегі кеңестік дәуірде пайда болып, ол саяси бағдар ұстанды. Оны республиканың саяси-әдебиеттер баспасы – «Қазақстан» шығарды. Онда КСРО мен республикамыздың өміріндегі саяси-қоғамдық оқиғалардың, партиялық-саяси қайраткерлердің, атақты ғалымдар, өнер, шаруашылық адамдарының мүшелді күндеріне орай мағлұматтар берілді. Қазақ тілінде алғаш пайда болған сол жыртпа парақшалы күнтізбе де еліміздің өміріндегі айтулы оқиғаларды насихаттауға өзінше үлес қосты.
Экономикалық қиындықтар кезінде шығуын тоқтатқан «Қазақ күнтізбесі» араға біраз жыл салып, 2000-шы жылдардың ортасында қайта жарық көрді. Оған белгілі баспасөз қайраткері, «Қазақстан» баспасының директоры Нұрмахан Оразбек тікелей бастамашы болды. Қаржылық қиындыққа қарамай, әріптес журналистердің қолдауымен жыртпа парақшалы «Қазақ күнтізбесін» шығаруды жүзеге асырды. Ең қиыны – оны басып шығару ол кезде тек Ресейде ғана атқарылатын. Бұл қосымша қиындықтан құтылу үшін Нұрмахан ағамыз оны кітапша форматында шығаруды қолға алды. Бұл күнтізбенің мазмұнын байыта түсті. «Бабалардан жеткен сөз», «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Балаларға базарлық» айдарлары ұлттық құндылықтарымыздың жаршысына айналды. Ең бастысы өзінің беделімен де, тіл табысушылық қабілетімен де Нұрмахан ағамыз күнтізбені шығаруды мемлекеттік қаржыландыруға да қол жеткізген еді.
Сол қазақ баспасөзінің үлкен қайраткері, белгілі публицист өмірден өткеніне де екі жыл болды. Оның ісін жалғастырған жанашыр қауым, баспа үйі «Қазақ күнтізбесінің» екі кітапшасын (2017-2018 жылдар) шығарып үлгерді. Одан әріге баспа үйінің мұршасы жоқ. Үкімет тарапынан қаржылай қолдау болмағандықтан осынау қажетті-ақ басылым шығарылымы тоқтатылмақ.
Енді келесі жылға арналған күнтізбенің өзіне тоқталсақ, мұнда еліміздің тарихына, халқымыздың рухани өміріне арналған біршама мағлұматтар берілген. Осы жылда халқымыздың талай қайраткерлерінің, өнер адамдарының, ғалымдардың мерейлі күндері атап өтіледі. Кітапшадан оқырмандар соған орай айтарлықтай мағлұматтар табады. Сонау Әнет баба, Ақтайлақ би сияқты дала даналарының, Шәкәрім, Мағжандай ақындардың, Темірбек Жүргеновтей мемлекет қайраткерлерінің, Қалибек Қуанышбаевтай өнер тарландарының, академик Александр Бараевтай ғалымдарының мерейтойлары жұртшылық назарын аударары сөзсіз. Оның ішінде, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің, ғалым Түймебай Әшімбаевтың, композитор Құддыс Қожамияровтың, жазушы Тәкен Әлімқұловтың, тағы басқаларының жүзжылдықтары ерекше аталатыны анық. Жоғарыда айтқандай, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері, рухани мұралары, әлемдік өнегелі жаңалықтар, адамдардың күнделікті өмірдегі қажетіне септігін тигізетін ақыл-кеңестер жайындағы материалдарға да айтарлықтай орын берілген.
Бүгінде күнтізбедей мерзімді басылымдардың таралуы да мәселеге айналған. Арнаулы дүкендер болмағандықтан, көпшіліктің көзіне түспей, қалтарыста жатып та қалуы мүмкін. Қажет ететін адамдар оны пошта мекемелерінен өздері барып сұрағаны да жөн. Сондай-ақ «Қазақстан баспа үйінен» (Алматы, Прокофьеф көшесі, 226/1) барып та алуларына болады.
Мамадияр ЖАҚЫП, Қазақстанның құрметті журналисі