Қазақтың рухани үш бәйтерегінің бірі, кемеңгер ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесенесі Қостанай қаласынан жеті шақырым жерде, Тобыл өзенінің бір иінінде тұр. Тобылдың қаланы жиектеп ағатын бір саласын кесіп өтетін ұлы жолдың бойындағы «Алтынсарин кесенесі» деген сілтемеге қарай бұрылғаннан-ақ алтын сырға тағынған күзгі қайыңның арасынан болашаққа мұра еткен даналықтың рухындай биіктеп, ағараңдап Ыбырай кесенесінің ақ күмбезі көрінеді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьМаңғыстаудың ұлу тасынан салынған кесене ақ жұмыртқадай аппақ, көрікті. Бұл кесене ғана емес, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесене-кешені. Оған апаратын тас жол қайта төселген, сол айналаның барлығы асфальтталған. Кешенге кіреберіс биік қақпа да оның салтанатын асырып тұрғандай. Ағартушы ашқан мектептердің картасы көрсетілген, мектептер тізімі ойып жазылған мәрмәр тақта, осы жерде тек Ыбырайдың бейіті ғана емес, атасы Балғожа, әкесі Алтынсары жатқан үлкен қорымның болғаны жөніндегі ақпарат жазылған қара гранит тас оның халқымыздың қасиетті орнының бірі екендігін айғақтай түседі. Күздің құбылмалы күні қазан шуақтан дәмелі жұртты бір тарының қауызына тыққандай, аспанды ауыр бұлт тұмшалап, қар ұшқындап кеткен. Халқымызға талай дананы берген қазақ даласының бір қалғып кеткен сәтінде білім дәнін сепкен, халқының көзін ашу жолында алысып өткен ұлы ағартушының кермек тағдырындай денені қариды.
Бірақ оған қарамай Ыбырайдың жаңғыртылған дегені болмаса, қайтадан салынған кесене-кешеніне ағылған жұрттың қарасы қалың. Бар қазақтың ұстазына қойылған кесене-кешеннің ашылуы мұғалімдер күніне сәйкес келген соң, жалпы білім саласының салтанаты болып жатқандай еді. Кесененің алдындағы оң қапталға ағартушының білімнің ұранындай «Бір құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқыған үлкен-кішінің барлығы да өзін сол мәт шәкірт сезінді. Сол қапталға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы – Ыбырай Алтынсарин. Ол дәуір әрбір түркі үшін барып тұрған жарық жұлдыздар болып табылатын көрнекті ағартушылардың тұтас бір тобын тарих сахнасына шығарды. Олар халықтың сауатын ашып, сана-сезімін арттыруды өздерінің негізгі міндеті санады» деген сөзі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәрмәр тасқа ойып жазылыпты. Ұлы ағартушының тарихи тұлғасын мүсіндеген дуалы бір ауыз сөз осы.
Қайта жаңғыртылған кесене-кешеннің ашылу салтанатында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы айтылған мәселелерге орай облыста жүзеге асқан игі істердің арасында Ыбырай Алтынсариннің кесене-кешенінің жөнделіп, уақыт талабына сай көріктендірілуі ерекше орын алатындығын айтты.
Кесененің жобасын жасап, оны тұрғызуда «Маңғыстауреставрация» мамандандырылған ғылыми-өңдеу өндірістік шеберханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Құралбай Озғанбаевқа алғыс айтамын. Кесене де, жалпы кешен де уақыттың жаңа талаптарына толық сай келеді. Оны жасауға 81 миллион теңге, жол төсеуге 72 миллион теңге қаржы жұмсадық. Ұлы ұстаздың кесенесіне жас ұрпақ келіп тағзым етеді, ал ол халқының болашағына, руханиятына қызмет ете беретін болады,– деді Архимед Бегежанұлы.
Ұлы ұстаздың кесене-кешенінің ашылу салтанатынан кейін облыстық филармонияда «Туған жер – Туған ел» білім беру жүйесін дамытудың басымдықтары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда ұлы ұстаз негізін салған білім беру саласының бүгінгі жетістіктері мен проблемалары айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында білім әрбір қазақстандық үшін болашақтағы табысының негізі, сондықтан жастар үшін оның маңызы алдыңғы орында екенін айтқан болатын.
Конференцияда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов төл мерекесіне орай үздік ұстаздарды «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапаттады. Өңір ұстаздарының шәкірт тәрбиелеумен қатар заманауи оқулық авторлары екені де мақтаныш етуге тұрарлық. Қостанай және Лисаков қалаларынан 38 мұғалім мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге арнап 7 оқу-әдістемелік құрал құрастырып шығарған болатын. Өңір басшысы аталған топтың жетекшісі Т.Калашниковаға 760 мың теңге арнайы сыйлық табыс етті. Сонымен қатар әлемнің 17 мемлекетінің сахнасында өнер көрсеткен әйгілі «Карнавал» балалар хореографиялық мектебінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ш.Фахрутдиновке де құрмет көрсетілді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан»
Қостанай