8 қазанда «Астана Арена» стадионында өтетін Казахстан – Армения командалары арасындағы футбол матчының жанкүйелерін көліктік қамтамасыз ету мақсатында арнайы автобустар бөлінеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ойынды көремін деушілер «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы», «Астаналық цирк» тұрақтарынан сағат 20: 00-ден 21:00-ге дейін жиналады.
Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз», - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.