• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2017

ОҚО-да дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

303 рет
көрсетілді

Бұл туралы  ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті. Облыстың бас дәрігері жыл басынан бері денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.

«Бұған дейін ауылды жерлерге барған дәрігерлерге 100 мың теңгеден бір реттік көмек беріліп келді. Алайда бұл мәселе облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен қайта қаралып, облыстық мәслихаттың шешімімен ауылды жерлерде дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында ауылды жерлерге жолданатын мамандардың әлеуметтің көмек пакетіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жолданатын жас мамандар бір реттік 1 миллион теңге көмек алатын болады», - деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Спикердің айтуынша, 1 миллион теңге дәрігерлерге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана беріледі. Бірақ келісім бойынша ауылды жерлерге жұмысқа баратын мамандар бес жыл қызмет ету міндеттеледі. Бұған дейін бұл мерзім үш жыл болатын.

Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. Бұл мақсатта 8582 компьютерлік техника сатып алынған. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары 100% компьютерленеді. Бірыңғай сервер медициналық ұйымдарын пациент туралы электрондық ақпарат алмасу үшін байланыстырады. Жинақ ақпарат автоматтандырылған түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққта түседі.  Қағаз түріндегі құжат айналымы азаяды, бұл өз кезегінде пациенттердің медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Осылайша Оңтүстік тұрғындары республикада алғашқы болып электрондық денсаулық паспорттарын алады.