Алматыда өтетін жəрмеңкеге кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары Семей, Зыряновск, Глубоковск, Қатонқарағай, Үржар және ШҚО аудандарынан 27 тоннаға жуық экологиялық таза бал және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде шұжық өнімдері мен қымыз ұсынылады. Құны 65 млн теңге болатын 37 тонна өнім базар бағасынан 15-20% төмен сатылады.