Мемлекет басшысының Өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Оқас Базарғалиұлы Сапаров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.