• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2017

Әлемнің жетекші компанияларымен келіссөздер жүргізілді

215 рет
көрсетілді

Ақтауда өткен халықаралық бизнес форум аясында облыс әкімі Е. Тоғжанов әлемнің жетекші жеті компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.  

Атап айтқанда, 2005 жылы негізі қаланған Дубайлық «DP WORLD» компаниясының өкілімен екі жақты келісімшарттың шарттары талқыланды. Бұл компаниямен облыс басшысы бұған дейін де бірнеше рет кездесу өткізген. Айта кетейік, шетелдік мекеме көп уақыттан бері әлемдік нарықта жүк тасымалдаумен айналысады.

Ал, малайзиялық «Reach Energy» компаниясы қара алтынды тиімді игеру бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан мекеме. Аталмыш кәсіпорын мұнайлы өлкеде көгілдір отынды қайта өңдеп, оны сұйытумен айналысуға дайын екенін жеткізді. Егер екі жақты келіссөздер оң шешімін тапса, олар 2018 жылдың соңына дейін 55 мың тонна газ өндіретін болады. Тағы бір малайзиялық «One Ocean Environment Sdn Bhd» компаниясы Маңғыстау өңірінде өз жұмысын бастауға дайын. Машина жасау және электртехника жабдықтарын орнату саласында 40 жылға жуық тәжірибесі бар мекеме. Компанияның қазіргі мақсаты облысымызда энергия көздерін тарту және су тұщыту саласы бойынша инвестиция салуды көздеп отыр.

«Saj Group» компаниясы түрлі салада қызмет көрседі. 17 жылдық тәжірибесі бар мекеменің Мысыр, Канада, Судан, Замбия және Қазақстанда бөлімшесі орналасқан. Мұнайхимия және мұнайды қайта өңдеумен айналысатын компания біздің өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуға ниетті.

Облыс әкімі Е.Тоғжанов келіссөз жүргізген «TECDRY» компаниясы өңірімізде құрылыс саласында жұмыс істегісі келетінін айтты. Өйткені, бұл компания әлемдік нарыққа мұнай-химия саласындағы қалдықтарды тазалау және түрлі салады жасыл технологияны енгізу бойынша тәжірибесі мол.

Ал, 2014 жылы құрылған түркиялық «Enerwo Energy» компаниясының бас директоры Огуз Зейрек өңір басшысына нақты жоспарымен таныстырды. Олар Маңғыстау облысында битум зауытын салу мақсатында келгенін айтты. Себебі, бұл аймақта жаңа бағыттағы жол құрылыстары салынуда.

Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға жасалып жатқан жеңілдіктерді атап өткен халықаралық компания өкілдері Маңғыстау облысында жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді, делінген баспасөз хабарламасында.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

 «Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы