• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қазан, 2017

«Астаналық» саябақ ТМД бойынша үздік атанды

385 рет
көрсетілді

«Астаналық» саябақ ТМД бойынша 2017 жылдың ең үздік ашық ойын-сауық саябағы атанды, деп хабарлайды әкімдіктің медиаорталығы. 

Сочи қаласында өткен XV «Хрустальное колесо» байқауында қалалық саябақ осындай құрметті атаққа ие болды.

Аталмыш байқау барысында жыл сайын ойын-сауық пен демалыс индустриясындағы көшбасшылар анықталады. Жалпы байқауға 162 саябақ қатысты. «Астаналық» саябақ жеңіп шыққан «Келушілер саны жылына 500 мыңнан - 1 млн адамға дейін жететін үздікашық ойын-сауық саябағы» номинациясы ең ірі аталым. ТМД аумағында 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында ашылған Сочи-саябағынан басқа барлық саябақтар осы санатқа жатады. Үздік саябақ атағы үшін Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Тбилиси және басқа да ірі қалалардың саябақтары таласты.

 

Соңғы жаңалықтар