• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2017

Атырау облысы Қызылқоға ауданының əкімі тағайындалды

719 рет
көрсетілді

Бүгін, 9 қазанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев депутаттарға ҚР президент əкімшілігімен келісілген Қызылқоға ауданының жаңа əкімінің кандидатурасын ұсынды. Ол - бұған дейін Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болған Арман Баженов.

Ауданды осыған дейін басқарған Мақсот Мұқанов бүгін Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Нұрлан Ноғаев Мақсот Мұқановқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі. 

Аудандық мəслихат сессиясында депутаттар кандидатураны қолдағаннан кейін Баженов аудан активіне таныстырылды жəне аймақ басшысынан Қызылқоға ауданының əлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар алды.

Жаңа тағайындалған аудан əкімі Атырау мұнай жəне газ институтын, Қазақ ұлттық университетін инженер-экономист, жерге орналастырушы мамандықтары бойынша бітірген. "ҚР тəуелсіздігіне 20 жыл", "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталған. "Құрметті жерге орналастырушы" белгісінің иегері.

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл округі əкімінің бас маманы жəне əкім орынбасары қызметінен бастаған. 2006 жылы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің бас маманы болды.

2007-2008 жылдары Арман Баженов Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылы облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2015 жылдан күні бүгінге дейін осы басқарманың басшысы болды.