• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қазан, 2017

Көлеңкелі бизнеске жол берілмейді

253 рет
көрсетілді

Мейлі ірі, мейлі шағын болсын, қандай кәсіппен айналыс­саңыз да барлық  іс-әрекеттеріңіз заң талаптарына сай болғаны абзал. Өйткені көлеңкелі бизнеске ешқандай жол жоқ. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Консультациялық кеңес отырысында осы жайлы кеңінен айтылды.    

Басқосу барысында сала­лық қауым­дастықтар мен ком­па­­ния­­­ларға жалған лотерея­лар және ақша ұтысы бар ин­тер­нет-ойын­дарының зиянды әсері туралы, сондай-ақ заң­сыз ойын бизнесімен айналыса­тын тұл­ғалардың, жалпы аумақ­та ойын автоматтарын орна­лас­­­тыру үшін орынжай­ды жал­ға берушілер мен олар­дың иелері­нің қылмыстық жауап­­ты­лығы жөнінде кезекті рет хабар­лан­ғаны мәлім болды. Мұн­дай жұ­мыс­­тарды кешенді түрде ұйым­­­дас­тырып тұру көптеген заңға қайшы әрекеттердің жолына тосқауыл болатын көрі­неді. Ма­­ман­­дар тексеріс қорытын­ды­сы­­ның нәтижесіз болмағанын алға тартады.

– Экономикалық тергеу қыз­меті­нің мәліметі бойынша 2017 жылдың 8 айы ішінде 50 ойын меке­ме­сінің заңсыз жұмысы тоқ­та­тыл­ды. Оның ішінде 43 мекеме электронды казиномен айналысса, жетеуі – ойын аппараты залы. 617 компьютерлік техника, 246 теледидар, 117 электронды терми­нал, 21 ойын автоматы мен шама­мен 6 млн теңге ақша­лай қар­жы алынды, – деп мәлім­деді Алматы қаласы мемлекеттік кіріс­­тер департаментінің басшысы Асқар Тынысбеков.

«Консультативтік-кеңес бе­­р­у­­­­­­ші органның алдыңғы оты­­ры­­­­­сы­­­ның қорытындысы бо­йын­ша биз­нестің сауалына қатысты «Қазақ­­телеком» АҚ электронды шот-фак­тура ақпараттық жүйе­сі ка­налы операторының өт­кізу қабі­летін арттыру туралы ұсыныс жол­д­ады. Нәтижесінде каналдың жү­гі тұрақталды және 500 мбит/с де­йін реттелді. Заңнамаға кеден­­дік таза­лау кезінде шетелдік валютада операцияны қайта есеп­теуде пай­да болатын тиын айыр­машылы­ғын есептеуге қатыс­ты өзгерту енгізу ұсы­­­нысы бойынша жоғарыда атал­­­­ған жағ­дайларды заңнама­ның бұ­зыл­ғаны деп қарамау және каме­­рал­дық бақылау жүргізгенде әкім­­шілік жауапкершілікке тартпау шешімі қабылданды», деп атап өтті А.Тынысбеков.

Жиында электронды шот-фак­­тураны беру кезінде қай­­та­ла­натын қателіктер,  «АСТАНА-1» ақпарат­тық жү­йес­ін енгізу мәсе­ле­лері де назар­дан тыс қалмады.

Консультативтік кеңес оты­­ры­­­­сы­­ның мақсаты кәсіп­керлік субъек­­­­тілері мен салық және кеден іс­тері саласында қызмет атқара­тын тұл­ға­ларға көмек беру, салық және ке­дендік реттеуді жетіл­­ді­­ру, әкім­шілендірудің тиімді тәсіл­­­­­­дерін енгізу, елімізде биз­­нес жүр­­гізу үшін қажетті жағ­дайлар жасау.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

Алматы