• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қазан, 2017

Мемлекет басшысының өкімімен Энергетика министріне сөгіс жарияланды

221 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының өкімімен Энергетика министріне сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды.

Еске сала кетсек, Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізген болатын.