• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қазан, 2017

ҚР Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы қаулы

291 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 424-құжат);

2) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 792 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 192-құжат);

3) «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 164 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 2-құжат).

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 10 қазан

№ 559