Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президент, «Алтын Жұлдыз» және Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты Бейбіт Құсанбектің «Келешек» баспасынан жарық көрген «Өмір-өзен» кітабының таныстырылымы өтті.
Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьҚайран, уақыт! Аспаннан ағып түскен жұлдызға бара-бар марқұм курстасымыз Бейбіт Құсанбекті жоғалтып алғалы бері көзді ашып-жұмғанша ойпаңды он жыл қалайша уысымыздан құмша сырғып өте шыққан десеңші. Көзі тірі болғанда биыл 55-ке толып, қос бестіні күймеге жеккен дүлдүлдей найқалып, қолындағы үкілі домбырасын бебеулетіп, шіркін-ай, өзінің сүйіп орындайтын «Бір мысқалын» қызыл шырайлы жүзі алабұрта шырқап отырар еді-ау арамызда дейсің. «Қане, енді жұп болсын!» деп жан-жақтан есі кете қаумалаған достарына жадырап: «Ал енді бәріңіз сүйіп тыңдайтын «Көзің қайда!» әнін айтып берейін» деп думанды ортаның шөліркеген көкжиегіне әсем әннің бұлақтай нәрін қанаттанып бүркіп-бүркіп жіберер еді-ау.
«Көзің қайда, Сондағы көзің қайда? Көзіңдегі кіреуке сезім қайда?! А-а-а-ай, а-а-ай, Кіреуке сезім қайда?»... О заманда, бұ заман көзді іздеген жанды көрген бе едіңіз?! Адал жар іздедім, сүйгенімді іздедім демейді. Кісінің көзінде алуан-алуан сыр тұнып тұратынын, тұңғиықтағы тылсымды небәрі он сегіз жастағы өрен осы өлеңіне қалай әдемі тауып, арқау еткен-ай дейсің. Одан әрі қарай оның күлкісін, назын іздейді.
«Назың қайда?.. Сен емдесең, Жүрегім жазылмай ма?..», «...Күлкің қайда, Мені ойласаң жүрегің бұлқынбай ма?...» Мәтіні қандай мәйін! Ұлпадай үлбірейді, ауадай жеңіл. Осы ретте ақын Есенқұл Жақыпбектің «Өмір өтті зырғып ағып...» атты әні тіл ұшына еріксіз орала кетеді. «Көк шыққанға бiр қуанып, Шөп шыққанға бiр қуанып, Өмір өтті-ау зырғып ағып, зырғып ағып. Қызғалдаққа бiр қуанып, Сарғалдаққа бiр қуанып, Өмір өтті-ау сырғып ағып, сырғып ағып...». Мұны мысалға келтіріп отырған себебіміз, әндердің мәтіні негізі осылай тез жатталатындай қарапайым, ішкі өрімі өріктей уылжып, тез жұтылып, санаға жылдам сіңіп кетуі керек қой. Ал біздің қазіргі эстраданың ең басты түйткілі, сұмдық кемшілігі мәтіннің шылбырсыз кетіп қалғандығында болып отыр. Өкініштісі, ондай дүбәра дүниелер эфир арқылы емін-еркін насихатталып, кең далиып тарауда. Сөйткен экраныңыз телевидениенің нағыз саңлағы – Бейбіт Құсанбектей дара тұлғаның әлгіндей сөзі мен әні әсем әсерлі әндерін, өлеңдерін, өнерін ұдайы насихаттап отырса, нелері кетеді?!
Ал оның орындаушылық шеберлігі өз алдына бір бөлек әңгіме, әрине. Шіркін-ай, дегізер жағымды қоңыр үні құлағымыздың түбінде әлі шымырлап сайрап тұр. Әдетте марқұмды еске алған сәтте әуелі кісінің жарқын бейнесі көз алдыңызға көлбей келе қалатыны рас-ау. Ал біздер үшін Бейбіттің жайдарман бейнесі, қазақ тілінің мүддесіне орай ой толғаған телевидениедегі байсалды қалыбы, тамылжыған таңғы шықтай таза үні мен қалықтата шырқаған әсем әні уақыттың желмегі мен кермегіне мұқалмай, сырлы сымбатын дауылдар мен жауындар шайып әкетпей, сол бастапқы көркем бедерінде мәңгі сақталып қала бермек. Өмірдің мәнінен түйген бір өнегеміз әнді сүйген адамның жан дүниесі сыр-сандықтай сыңғырлап, ішінен алуан түрлі шұрайлы нақыш шуағын төгіп тұрады екен-ау. Сосын тағы бір жайт, ән әлемінің құзы мен ылдиын, өрі мен еңісін шарлай білген, жемісін барлай ілген жанның дөрекіліктен ада, мінезі жібектей нәзік болып келетіндігі. Ал енді әнге деген құрметі ерекше әлгі тұлғаңыз бұған қоса және өзі соны кең даланы кезе жортқан желмаяша желдірте орындап, халықтың мерейін дариядай тасытып тұрар болса, мұның жөні тіпті алабөтен ғой.
Оның қаламгер, ақын ағасы Қажытай Ілиястың әнін тамылжыта шырқаған таспадағы үні сақталып қалыпты... Кейбір кілең құрғақ бос сөз бен мақтау-мадақтан құлақ сарситын қарабайыр, жаттанды тұсаукесерлерден шынын айтқанда, шаршайсың. Бейбіт Құсанбектің «Өмір-өзен» кітабының таныстырылымы келушілерді жалықтырған жоқ. Шараға қатысушылар экраннан автордың өмір-дерегінен көп мағлұматқа қанықты. Ән жылуына марқайған жан дүниеміз серпіліп, домбыра сазы сана-сезімді билеп-төстеп әкетті. Бейне бір тап қазір ол жайраңдап жанымыздан табылардай елеңдеген сәтте қасиетті қара домбыраның күмбірлеген қоңыр үні мен Бейбіттің дауысы жұптаса өріліп, әріптестің әр алуан қырын айқын аңғартар айшуақ айдынға тап болдық. Құдай-ау, «Білгенге – маржан, білмеске – арзан» деп Абай атамыз айтпақшы, қолдағы бар алтынды бағалай алмай жататынымыз қандай өкінішті еді. Біздің бір жаман әдетіміз, өнер адамы өмірден өтті ме, соңында іздеушісі, жоқтаушысы болмаса, сол күйі көп жағдайда санадан сызылып қалып жатады. Әншейінде «қазақтың эстрадалық әндері бұзылып кетті, сөздері мәнсіз, мағынасыз» деп, жатсақ-тұрсақ сынап-мінегенде алдымызға жан салмаймыз. Сынау дұрыс-ақ, ал бірақ мұндайда өзіміз сол бардың бағасына жете алып жүрміз бе деген сауал өңешімізге көлденең кептеледі. Ал қолдағы алтынды қадірлесек, онда Бейбіттің «Көзің қайда», сондай-ақ қамшының сабындай қысқа ғұмырында жасындай жанып, жарып өткен тағы бір курстасымыз марқұм Нұрлан Берғазиевтің «Шағала» атты әні осы күнде жұрттың бәрінің аузында жүрмес пе еді? Ал Қажытай сазгерге қатысты айтайын дегеніміз, автор соңына 20-дан астам ән жазып қалдырған және соншама соқталы күй-мұрасы тағы бар.
Алайда «Көзің қайда?» әнінің сахнада шырқала бермейтіні сияқты Қажытай ақын әндері мен күйлері де отандық радио мен телеарналар арқылы насихатталып жатқанын көрген де, естіген де емеспіз. Әттең-ай, бұл да болса келешекте ойланатын оқшау жайттың бірі-ау. Шетелдің ми ашытатын көди-сөдиін дәрідей қабылдап, сананы улағанша, шіркін, өзіміздің тұма бұлақтарымызды неге қадірлемеске деген сөз осындайда еріксіз ойға оралады. Алда-жалда Бейбіттің өз әндерін кейбір жекелеген әншілердің шырқауында естіп қалсаңыз, аяулы да ыстық жастық шағыңыздың мекеніне табаныңыз тигендей тұла бойыңызды шоқ қариды. Бүгінде сахнаны, экранды ата-бабасынан қалған сарайға санап, небір шата-шалық, әумәсір әуендермен толтыруға әуестер пайда болды. Осыларды көргенде сол баяғы төл экранымызды бөтеннің жаулап алуына, тілді шұбарлауға жол бермеу үшін ашына күрескен ұлтжанды азамат – Бекеңнің бейнесі жарқырап алдыңғы орынға тағы шыға келеді...
Оны ерекше жақын тұтуымыздың тағы бір себебі, Бекең мәдениет пен өнердің небір танымал өкілдерімен танымдық сұхбаттар өргізіп, ғалым Серік Негимов ағамыз айтпақшы, осы салаға энциклопедиялық кітап жазып беріп кетті. Бір өзі сөйтіп бір институттың жабылып орындайтын жобасын жүзеге асырды. Еуразия ұлттық университетінде ҰҒА-ның академигі Дихан Қамзабекұлының жетекшілігімен өткен «Өмір-өзен» кітабының таныстырылымына автордың хабарларына түскен кейіпкерлері мысалы, атап айтсақ, белгілі режиссер Талғат Теменов, Қыз Жібекті сомдаған халықтың сүйікті актрисасы Меруерт Өтекешова, режиссер Сәулебек Асылхан, танымал әнші Кенжеғали Мыржықбай қатысып, осы бағыттағы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Белгілі ғалымдар Серік Негимов, Бауыржан Омарұлы, Қайрат Сақ, драматург-жазушы Роза Мұқанова, сондай-ақ Дархан Мыңбай, Еркін Қыдыр, Ғалым Омархан, т.б. курстас-достары қазақ журналистикасында есімі ерекше ілтипатқа ие Бейбіт Құсанбектің өмірі мен шығармашылығы жайында қадау-қадау ойлар айтты.
Енді неліктен автордың бұл кітабы «Өмір-өзен» деп аталады дегенге келейік. Өйткені «Өмір-өзен» хабары қазақ телевидениесіндегі айтулы ұлттық жобалардың бірі болып саналады. Одан Бейбіттің 1995-1998 жылдарғы жанайғайы табылады. Бізге сонысымен құнды һәм қымбат. Аттары аңызға айналған Ақжан әл-Машани, Әмина Өмірзақова, Қадыр Мырза Әлі, Фарида Шәріпова, Хадиша Бөкеева, Бикен Римова, Мәдина Ералиева, Ермек Серкебаев, Фариза Оңғарсынова, Ақселеу Сейдімбек... т.с.с. сандаған тұлғалар үнін келешек ұрпақтың сана-сандығына сақтауымен тұшымды, тұғырлы. Өмірдің ағып бара жатқан өзен тәрізді сезілетінін бізден бұрын арамыздан Бейбіттің ертерек ұғынып қоюының өзі тегін емес екен-ау. Сол тұлғалар шоғырының соңынан көшке ілесіп кете барған оның қып-қысқа ғұмырда осыншама мол дүниенің басын қайырып үлгергеніне таңданбасқа, қайран қалмасқа лажыңыз қалмайды. Жиынның соңында «Махаббат маусымы», «Өлең-өзім», «Ғұмыр-дария», «Ел ағалары» кітаптарын мұрағат қорына айналдыруға өлшеусіз еңбек сіңірген және де осы кітапты басып шығаруға атсалысқан сүйген жары Ғазизаға сөз берілгенде, «Өмір-өзен» кітабының бірнеше данасын оқу орнына сыйға тартты. «Адамның өлгені – ұмытылған уақытында» деді ол. Шын-ау! Ғалымдар тарапынан Б.Құсанбектің мына кітабы әсіресе студенттерге, журналистика саласы бойынша білім алып жатқан телевидениенің келешек мамандарына оқу құралы ретінде оқытылады деген пікір білдіріліп қалды. Артыңда өшпейтұғын із, өлмейтұғын іс қалсын деген сөз осы болса керек-ті.
Баяғы заман болса оның хабарына түскен танымал тұлғалардың жарқын бейнелері шаң басып таспада, тасада қалып қояр ма еді. Ниетімізге қарай, қазір заман өзгеруде, заманауи техникалар сәт сайын жаңғырып, дамуда. Соның осы кітап – айқын дәлелі. Жұрт телевидение хабарларының жазбаша нұсқаларын оқуға мүмкіндік табуда. Бұл орайда жинақты құрастырып, көркемдігіне атсалысқан жары Ғазиза Исахан мен ұлдары Бейбарыс пен Бекарысқа көп рахмет! Мұнтаздай мұқабасы, бояуы, ұстағанда уысың толатын сыртқы түр-сымбаты жағынан әр қазақ кітап сөресіне ұялмай, мақтанышпен қоя алатындай қомақты дүние екен. Қол жеткізген жанға – рухани мол азық.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»