«Былтырғы қардан биылғы қардың қандай айырмасы бар?»Осы бір қызық сауалды алғаш қашан, кімнен естідім? Әлде кітаптан оқыдым ба? Есімде жоқ...
Әйтсе де, ауық-ауық ойыма оралып, ақша қардың бетіне қадала қарап қалатыным рас-ты. Мені қызықтыратыны – биылғы қардың химиялық құрамы, иә болмаса, бізге беймәлім әлдеқандай бір заттегілік қасиеті емес. Сондай-ақ оның түр-түсінің ерекшелігі мен түйіршіктерінің ұсақ-ірілігі де қызықтырмайды. Бәлкім, содан да болар, қолыма алып, үңіліп қараған да емеспін.
Әйткенмен, осы сауалдың астарында бір философиялық ой жатқан сияқты мүлгіп. Бірақ... Ол қандай ой? Меніңше, биылғы қардың былтырғы қардан ең басты айырмасы – былтырғы қарды көрген біра-а-аз кісілердің биылғы қарды көре алмағаны..
Нұрғали ОРАЗ, «Егемен Қазақстан»