• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2017

Шардара үш тілде ерекше мерекелік кеш өтті

542 рет
көрсетілді

Әрине, әрбір ата-ана ұл-қызымен үйінде ана тілінде сөйлеседі. Басқа да тілдерді мектепте оқып-үйреніп жатқанынан және хабардар. Ал шардаралық ағайын балаларының үш тілде еркін сөйлей алатындарына мерекелік кеште көз жеткізді. 

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Ұстаз – ұлы тұлға», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» және «Қарттарым – қазынам» тақырыптарында ерекшелеу кеш өткен болатын. Ерекшелеу дейтініміз, кеш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіліп, балабақша бүлдіршіндері мен мектептің өнерлі оқушылары үш тілде концерттік қойылымдар қойды.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында ұлт­тың табысты болуы оның таби­ғи байлығымен емес, адам­дарының бәсекелік қабілеті­мен айқындалатынын айта келе, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасыр­ға лайықты қасиеттерге ие болуы керектігін атап өтті. Компью­терлік сауаттылық, шет тіл­дерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторларды әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы­шарттардың санатында атады. Яғни Елбасы еңбегін­де айтылғандай, «Үш тұғыр­лы тіл» бағдарламасы қазақ­стан­дықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Үш тілді білу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Сон­дықтан біз де осындай іс-шара­лар арқылы бүгінгі буын­ды тілдерді меңгеруге ынта­ландыра отырып, ата-аналар­ға мектеп оқушыларының үш тілді қалай меңгеріп жатқанын аңғартқымыз келді, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева.

Болатбек Қыстауов тізгін ұстаған ауданда өткен жылы екі білім беру мекемесіне 200 орындық қосымша оқу кор­пустары салынса, биыл Алатау батыр ауылында 900 орындық жаңа мектептің құры­лысы аяқ­талуға жақын.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан»