• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2017

Қостанайда мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді

362 рет
көрсетілді

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментін басаруға  Аманжол Жақанов тағайындалды.

Ол бұл салада жаңа адам емес, 2009-2012 жылдары департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын. Одан кейін Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік ікірістер департаментін 2017 жылдың қазан айына дейін басқарды.

Аманжол Жақанов Қостанай облысының Федоров ауданында туып өскен, оның салық саласындағы еңбек өтілі 1997 жылдан бастау алады. Салық саласында  облыстағы Лисаков қаласында, Әулиекөл ауданында қызметтер атқарды. «Салық қызметінің үздігі» төс белгісінің иесі.

Аманжол Жақанов  облыстық мемлекеттік кірістер департаментін 2002 жылдан басқарған  Айбек Паяевтің орнына келді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай