• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2017

Оман Сұлтандығы Қазақстан үшін визалық режимді жеңілдетпек

354 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбукте Оман Сұлтандығындағы ҚР Елшісі Ержан Мұқаштың Оман Сұлтандығының Қазақстан азаматтарына визалық режімді жеңілдету жөніндегі хабарламасымен бөлісті.

«Оман Сұлтандығының үкіметі Қазақстан азаматтарына визалық режімді жеңілдету жөнінде шешім қабылдады. Бұдан былай АҚШ, Канада, Аустралия, Ұлыбритания, Шенген келісімі елдерінің визалалары немесе осы елдерде тұрақты тұруға рұқсаттары бар қазақстандықтар омандық туристік визаны шақыртусыз 30 күнге дейін ала алады. Басты талап - қайту билеті мен қонақ үйдің броні болуы тиіс», - делінген хабарламада.