Өскеменде спорттық бағдарлау бойынша ұлдар және қыздар, сондай-ақ, ересектер арасында ашық қала біріншілігі өтуде. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл сайын өтетін сайысқа спортшылар әртүрлі жас ерекшелігі бойынша қатысуда. Ең жас қатысушы 6 жаста болса, ең үлкенінің жасы 60-қа таяп қалған. Спорттық бағдарлау спортын кеңінен насихаттау және қатысушылардың жадына патриоттық сезім ұялату мақсатымен өтіп жатқан іс-шараға 110-ға жуық спортшы қатысуда. Ашық қала біріншілігі болғандықтан Глубокое, Шемонайха, Аягөз сынды аудандардан да спортшылар келді. Жас ерекшеліктеріне қарай спортшылар әртүрлі қашықтықта бақ сынауда. Өз қашықтықтарында үздік үштікке ілінген спортшылар облыс құрамасына алынып, алда өтетін республикалық жарыстарға қатысатын болады.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН