• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2017

Қостанайда бір тәулікте он күннің нормасына тең қар жауды

383 рет
көрсетілді

Қара күзге ертерек болғанымен,   облыстың біраз аудандарын  аппақ қар басып қалды. Таңертең майдалап жауған қар, кешке қарай боранға ұласты. Алғашқы қарды еріп кетер деген үміт болған, бірақ тапталып, қалыңдай түсті.

«Қарасу ауданында қар көп жауды, қазан айында 25 мм қар түседі деп белгілегенбіз,  ал мұнда ол 28 ммм көрсетті. Сонымен қатар Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын маңайын да түгел қар жапты, қалыңдығы 20 мм . Қостанайда 11 мм қар түсті. Жалпы алғанда облыста он күннің нормасындай қар жауды» деді «Казгидромет» облыстық филиалының инженері Ирина Жиляева.

Ауа райын болжаушылары таяу тәуліктерде өңірде ауа райы тұрақсыз болғанымен, сықырлаған қалың қар желтоқсан айында жауатынын айтып отыр.  

 Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай