
Қазақстан • 25 Ақпан, 2021
Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі
Тарих көшінің қалыптасқан құндылықтары мен біте қайнасқан тұтастығы жолында ұлттық тарихымыздың көкжиегін кеңейту, тарихи дүниетанымын қалыптастыру бағытында Тәуелсіздіктің 30 жылдығында атқарылған шаруа ересен. Елбасы кітапханасында өткен «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясында өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, тарих ғылымының басты мәселелері мен оны шешудің мүмкін бағыттары талқыланды.
Әдебиет • 24 Ақпан, 2021
Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы ғалым Иманғазы Нұрахметұлының «От пен су» романының тұсаукесері өтті. Әйгілі ғұн патшасы Мөде қағанның тағдыр-талайын арқау еткен көркем туындыда аталған кезеңнің құқықтық-саяси портретіне талдау жасай отырып, наным-сенімі мен таным-парасаты жайында баяндайды.
Руханият • 21 Ақпан, 2021
Мемлекеттік тілді қайтсек меңгереміз?
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30 жылдан асты. Бір қарағанда мемлекеттік тілді меңгергендердің қарасы аз емес, күн санап көбейіп келе жатыр дейміз. Бірақ мемлекеттік тіліміз мінбер биігінен көріне алып жүр ме деген сауалға келсек күмілжитініміз рас.
Өнер • 18 Ақпан, 2021
«Қазақфильм» киностудиясы көрермендерге «Таутай-Лақ» атты қысқа метрлі фильмін көрсетуге дайындалуда. Режиссер Райымбек Әлжановтың киножобасы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінің жеңімпазы атанған.
Тарих • 17 Ақпан, 2021
Жиһанкез жазушы Адольф Янушкевичтің «Күнделіктер мен хаттар» атты кітабының тарихы айрықша. 1966 жылы орыс тіліне аударылып, Алматыдағы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген кітапта халық жырларында жақсы аты шыққан Барақ сұлтан сынды батырлар мен Орынбай сияқты жыршы-ақын бейнелері, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі нанымды суреттелгені соншалық, осыдан бір ғасыр бұрынғы қазақ даласының кең панорамасы кинофильмдей көз алдыңнан тізбектеле өтіп жатады.
Руханият • 15 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент – Елбасының жаңа музейінде елімізге еңбек сіңірген қайраткер, белгілі суретші Камиль Муллашевтің шығармалар каталогының тұсаукесері және жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Өнерсүйер қауымға декоративтік мәнері айрықша «Сүйімбике», «Ғабдолла Тоқай», «Бозоқ аруы» сынды айтулы туындыларды тарту еткен суретшінің 30-ға тарта жұмысы көпшілік назарына ұсынылды.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2021
Отандық кәсіпкерлерді қолдаудың II форумы
Нұр-Сұлтанда Samruk Business Forum атты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған отандық кәсіпкерлерді қолдаудың екінші форумы өтті. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов пен Үкімет мүшелері, «Самұрық – Қазына» қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және өзге де бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Ғылым • 11 Ақпан, 2021
Күн сөздігі: Матильда эффектісі
Матильда эффектісі – әйелдердің ғылымға қосқан үлесін жүйелі түрде жоққа шығару, олардың жұмысының құнын төмендету және әйелдердің атқарған жұмысын әріптес ерлердің иеленуі.
Сұхбат • 11 Ақпан, 2021
Аяулым Белгібаева: Ғалымның дәрежесін жетістігі анықтайды
БҰҰ-ның шешімімен 11 ақпан Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні ретінде аталып өтеді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, ғылым жолындағы зерттеушілердің тек 30 пайызы ғана әйелдер. Әсіресе жаратылыстану, технология, инженерия және математика саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің табысы аз әрі қызметте көтерілуі де қиын. Осы ретте Токио Технологиялық институтында білім алып жүрген замандасымыз Аяулым Белгібаеваны әңгімеге тартып, Жапониядағы оқу мен өмір, ғылымдағы әйелдердің жағдайы жөнінде сұрап көрдік.
Қоғам • 11 Ақпан, 2021
Теңдік және мүмкіндіктер құқығы
Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда әйелдерге күш көрсету оқиғаларының көбейгені байқалып отыр. Осы орайда Түркістан облысының ауыл-аймақтарында тұратын әйелдерге цифрлы және гендерлік құқықтар бойынша онлайн тренингтер өткізілді.