Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал кітап – адам баласының санғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Осы орайда Байқоңыр ауданы әкімдігінің аппараты 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай игі істің бастамашысы атанып, елордада «ашық аспан астындағы кітапхана» ұйымдастырды.

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, балалар жазушылары Толымбек Әбдірайым мен Серікбол Хасан қатысты. Қаламгерлер кішкентай оқырмандарды атаулы мерекемен құттықтай келе, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, заманауи қазақ әдебиеті тақырыбында өзара ой алмасып, көкейде жүрген пікірлерін ортаға салды. Бұл орайда Дәулеткерей Кәпұлы Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған биылғы Балалар әдебиеті жылындағы атқарылар қомақты істің алғышарты екенін айта келе, кітап оқуды насихаттау, зияткерлік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғаса беретінін жеткізді.
«Қаламгерлер аллеясы 2019 жылы қыркүйекте «Тұңғыш Азия ақын-жазушыларының форумы» қарсаңында Олжас Сүлейменов, Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов, Мархабат Байғұт сынды қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының қатысуымен ашылған еді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен биыл ақын-жазушылар 50-дей көшет отырғызды, бұл игілікті шара келешекте де жалғаса береді. Ал мерекеге орай қаламгерлер кітапханасын ашу жоспарланып отыр, бүгінгі жиын сол қадамның алғышарты деуге болады. Мерекеде балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында №5 қалалық балалар кітапханасы мен «Фолиант» баспасы балаларға арналған кітап жәрмеңкесін өткізді. Кітапхана әр жұма сайын ашық аспан астында жұмыс істей береді. Сондай-ақ қаламгерлермен кездесу өткізіп, оқырмандарды тарту ойымызда бар. Негізінен қаламгерлермен бетпе-бет кездесуге жас оқырмандарды тарта отырып, кітап оқу мәдениетін жақсартсақ деген ой. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін балаларды кітап оқуға баулу ата-ананың да, кез келген қаламгердің де қайраткерлік танытатын тұсы. Сондықтан қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ баласының мәдениетін арттыру бірінші кезекте тұрған мәселе деп есептеймін», деген Дәулеткерей Кәпұлы қаламгерлердің қолдан келгенше атсалысатынын жеткізді.
Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Нұрлан Көпешов, Салтанат Мұқанбетпанқызы, Ләззат Мұрат-
қызы қатысып, балақайларды мерекелерімен құттықтап, өз тараптарынан тарту-таралғы жасады. «Фолиант» баспа үйі балалар шығармашылығына қатысты баспа туындыларынан арнайы көрме ұйымдастырып, кітаптар жәрмеңкесін өткізді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық Орталықтандырылған кітапханасы қорындағы кітаптар көрмесін кішкентай оқырмандар назарына ұсынды.
Аталған іс-шара балақайларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін Байқоңыр ауданы әкімі аппараты ұйымдастырған көңілді сергіту уақытымен жалғасты. Сондай-ақ балаларға тәттілер таратылып, белсенді оқушыларға әкімдік тарапынан арнайы сыйлықтар да табыс етілді. Игі шараның әрі қарай жалғасатынына қуанышты екендіктерін жеткізген қала тұрғындары мен мерекелік жиынға қатысқан балалар да, ата-аналар да дән риза.
Тағы бір айта кетерлігі, Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара алдағы жаз маусымында әр демалыс күндері жалғасын таппақ. Ондағы мақсат – жазғы демалыс кезінде оқушыларды, студенттерді және аудан тұрғындарын оқуға тарту, уақыттарын тиімді өткізу, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау. Қаламгерлер аллеясында аспан астындағы кітапханада көбіне балаларға арналған әдебиеттер, әйгілі жазушылардың поэмалары, шығармалары қойылмақ.
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
IPO-ға қатысу халық үшін қолжетімді болуы қажет – Президент
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Пәтер тұрғындарын банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады
Қоғам • Бүгін, 13:20
БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 13:10
Жас теннисшілер ITF турнирінде жүлделі болды
Теннис • Бүгін, 12:53
Ауыл жастары құрған компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты
Қоғам • Бүгін, 12:45
«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қазақстан • Бүгін, 12:38
Мұнай бағасы 1 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 12:30
Алматыда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Үкімет • Бүгін, 12:12
«Канело»: Головкинді нокаутпен жеңемін
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 12:08
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Ұқсас жаңалықтар