Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
18 материал табылды

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

«Ғасыр ғибраты» оқырманға жол тартты

Елордамыздағы Ұлттық кітапханада белгілі мем­лекет және қоғам қайраткері, саясаткер-қаламгер, танымал түрколог Әділ Ахметовтің «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Ғасыр ғибраты» атты кітабының салтанатты тұсаукесері өтті. Оқырманға тарту етіп отырған бұл туынды қайраткер ғалымның танымдық әрі ғылыми-публицистикалық монографиясының толық­тырылған екінші басылымы.

Руханият • 25 Шілде, 2019

Көркем шығарма оқудың пайдасы қандай?

Өнердің ішіндегі ең бір қастерлісі – көркем әдебиет. Бала күнімізден-ақ «көп оқу керек» дегенді құлағымызға құйып өсірді. Әдеби шығарма адамның бүкіл ойы мен қиялын баурап, биік қоғамдық идеяларға, арман-мұраттарға жетелейді деп жатамыз. Бірақ заманауи кейінгі зерттеулер мұны қаншалықты растайды? Құндылықтар алмасқан дәуірдегі ескірген сенім емес пе? Көркем әдебиет оқудың адамға пайдасы қандай?

Руханият • 02 Шілде, 2019

Чемпион туралы көркем фильм

«Хабар» агенттігі бас­шы­­­лығымен Сидней Олим­­пиадасының чем­пио­­­ны Бекзат Сат­та­р­ха­новтың өмірі мен спорт­тағы жетістігі туралы био­­графиялық көр­кем фильм түсірілді. Туын­ды­ның режиссері – Мұрат Бидосов, ал басты рөлді Самат Әзімқұлов сомдады.

Руханият • 02 Шілде, 2019

«Менің атым Қожа» – мәңгілік классика

Ұлттық кинематографияның классикасына айналған «Менің атым Қожа» картинасының экраннан түспей келе жатқанына 60 жылға таяды. Қазақстанның ең үздік балалар фильмі тұңғыш рет ағылшын тіліне дубляж жасалып, Ромфорд халықаралық және тәуелсіз кинофестивалінің аясында арнайы марапатқа ие болды.

Қазақстан • 26 Маусым, 2019

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Алматыдағы Қазақстан-Британ техни­калық университетінде медиа, мәдениет, технология және бизнес саласындағы инновациялық идеялардың халықаралық фестивалі өтті. Үш күндік бағдарламада жергілікті инно­вациялардың жаһандық маңызы, медиа нарықтың құбылуы, арт жобаларды дамыту сынды ауқымды әрі қызықты тақырыптар қозғалды.

Кино • 19 Маусым, 2019

«Ойыншықтар хикаясы 4» көрерменге жол тартады

«Аладдин» ертегісін қызықтап бола бергенімізде, «Болашақ» корпоративтік қоры кішкентай көрермендерді қуантатын тағы бір жаңалығымен сүйіншілеп отыр. 20 маусым күні талайды таңғалдырған «Ойыншықтар хикая­сы 4» анимациялық фильмінің жалпы тұсаукесері өтпек. Бұл – «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған отызыншы фильм.

Руханият • 13 Маусым, 2019

Түрленген корей таяқшалары

Елордада «K-Chopsticks: Connection» атты тағамға арналған корей таяқ­шалары қолданбалы өнерінің көрмесі осы халықтың мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік берді.

Әлем • 12 Маусым, 2019

Fashion-индустрия нарығы қалай дамуда?

Бүгінде киім-кешек нарығын Қытай, Түркия және Ресей елдері толтырып отыр. Қала берді Қырғыз Республикасы мен Өзбекстанның көйлек-көншегі де үсті-басымызды бүтіндеп отырғаны тағы рас. Осы орайда «ForteBank» алаңында отандық сән әлемінің жетекші сарапшылары Қазақстанның сән саласындағы трендтері мен мүмкіндіктерін, кенжелеп тұрған кей мәселелерін талқылады. Жергілікті дизайнерлер бизнес-үрдістерді зерттеуге көбірек ден қойылуы керектігін айтады.

07 Маусым, 2019

Алмас Сырғабаев. Ұмытуға болмайды

Ұлттық музейде суретші-кескіндемеші Алмас Сырғабаевтың «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты шығармашылық көрмесі өтіп жатыр. XX ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін тақырыбына арналған экспозиция жүрек түкпіріндегі ең бір аяулы сезімдерге қозғау салады.