
Әдебиет • 06 Қаңтар, 2021
2020 жылы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің маңдайлы университеттерінің оқу бағдарламасына енген 100 үздік оқулығын қазақ тіліне аудару жобасы өз межесіне жетті. Әр оқулық 10 000 данамен басылып, еліміздегі 130 университетке таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 06 Қаңтар, 2021
Ел тәуелсіздігінің мерейлі белесі («Ордалы елге отыз жыл» атты кітап көрмесі ашылды)
Ұлттық академиялық кітапханада ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Ордалы елге отыз жыл» атты иллюстративті кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге ел Тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын, сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын екі мыңнан аса кітаптар қойылды.
Руханият • 05 Қаңтар, 2021
Киелі жерлерді қорғау – кешенді іс
Шығыста Қоңыр әулие атанған шипалы үңгір бар. Абай ауданы, Шыңғыстаудың батыс алқабындағы Шаған өзенінің бойында орналасқан үңгірдің қай ғасырда, қашан, қалай, пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ.
Сұхбат • 05 Қаңтар, 2021
Ерлан Дакенов: Жаңалық ізденістен туады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының халықтық бай музыкалық мұрамыздың жаңа қалыпта, дәстүрде жаңғыру жолындағы еңбегі ересен. Бүгінде үлкен ұжым болып ұйысып отырған көрнекті концерттік ұйым өзіндік концепциясы мен көркемдік ұмтылысын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның мәдени келбетін әлемдік деңгейде насихаттап келеді. Осынау мәдени орталықтың басшысы Ерлан Дакеновпен мереке қарсаңындағы әңгімемізді оқырман назарына ұсынамыз.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
«Астана Опера» көрермен қауымды ауқымды жобаларымен таңғалдырудан танған емес. Күні кеше көп назарына ұсынған Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» комедиялық операсының премьерасы да елордалық сахна төрінде зор жетістікпен өтті.
Абай • 20 Желтоқсан, 2020
Абай мұрасы – түркі әлемінің меншігі
Татарстан Республикасы Ғылым академиясында ағартушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Түркі халықтары арасындағы ағарту қозғалысы және Абай шығармашылығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы музейінде «Туған жерім» XV халықаралық бейнелеу өнері байқауының көрмесі өтті. Аталған жоба жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, балалар шығармашылығын насихаттауға бағытталып отыр.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2020
«Қап-қара адам» «Алтын глобус» жүлдесінен үміткер
Режиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» фильмі «Алтын глобус-2020» сыйлығының «Шетелдің үздік фильмі» номинациясына үміткерлердің тізіміне енді. Бұл америкалық жүлдені Голливудтың шетел баспасөз қауымдастығы (HFPA) жыл сайын кино және телефильмдердегі үздік жұмыстар үшін табыстайды.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2020
Екі жастың махаббаты арқылы, екі рудың ара-қатынасы, сол арқылы халық өмірі мен тағдыры бейнеленген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі бүгінде қазақ киносының алтын қорына айналды. «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін жазу, фильмнің дайындық жұмыстарын жүргізу, фильмді түсіру, монтаждау кезіндегі толғаныс пен қиындыққа толы сәттерден қызық мәліметтерді ұсынамыз.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Алтай Ибрагимұлы: Елбасының еңбегін дәріптеу – тағылым
– Құрметті Алтай Ибрагимұлы, өткенге көз жүгіртсек... 1991 жылы желтоқсанда ел тарихы қалай өрбіп еді? Бұл күннің маңызы қандай? – Тәуелсіздік шежіресін парақтар болсақ, ел тарихындағы маңызды күндердің бірі – ол әрине 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық Президент сайлауы. Себебі дәл осы күні басқа мемлекеттер секілді Қазақстан да егемен елдің құқықтық–саяси мақсатын жүзеге асырып, барлық қоғам жұдырықтай жұмыла өз еркін білдіріп, ескі тоталитарлық жүйеден құтылды. Себебі дәл осы күні совет заманында сырттан Мәскеу тағайындап беретін көшбасшыны Қазақ халқы тұңғыш рет өзі таңдады. Ендеше 1 желтоқсанның маңызы мен патриоттық құндылығына ешкімнің таласы жоқ шығар.