Абай елі – ұлылар мекені. Мәңгілікке жай тапқан қасиетті жер. Қазақ сөз өнерін биікке көтерген Абай, Шәкәрім мен Мұхтарды туғызған дала. Тарихтың талай құпиясын бауырына басып жатқан әйгілі Шыңғыс ханның атымен аталатын Шыңғыстау да осы жерде. Тағылым болған тарихтың ізін көргіміз келіп, баба басына жиі ат шалдырамыз.

Кешеннің құрылысы 1993 жылы басталған. Жоба авторлары – КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі, Жапония мен Болгариядағы халықаралық конкурстардың лауреаты Бек Ибраев жетекшілік еткен сәулетшілердің шығармашылық тобы. Мемориал тұжырымдамасының негізіне қазақтардың дүниетанымын толыққанды көрсететін дәстүрлі космогониялық түсініктері алынған. Сәулетшi өз идеясында, тұтас кесене Сарыарқаның кең даласының төсiнде, поэзия айдыныда баяу жүзiп бара жатқан Абай мен Шәкәрiмнiң қос желкендi кемесi сынды болып көрiнуi керек деген шешiмге келген болатын. Бара қалсаңыз, сары жазықтағы мұнартқан Абай-Шәкәрім мемориалды кешені сағым арасынан бұлдырай қарсы алады. Талай мәрте естіген әңгімеміз. Тағы бір мәрте тыңдауға әсте қарсы болмағанбыз.
«Бұл жерде Абай өзінің інісі Оспанмен, Шәкәрім қажы ұлы Ахатпен қатар жерленген. Қаптарлас зиратта Еркежан ана жерленген, Оспанның бәйбішесі, Абайдың әмеңгері. Ең әуелі бұл жерде төрт құлақты саманнан зират тұрғызылған. Ол жерге Оспанның сүйегі қойылып, басына Абай арнайы құлпытас жаздырған. 1904 жылы Абай өмірден өткеннен кейін сол Оспанның қасына жерленеді. 1961 жылы Абайға жаңа мазар тұрғызылып, бертін келе Абайдың 150 жылдық мерейтойында осы мемориалды кешен салынған. Мемориалдық кешеннің бас архитекторы – Бек Ибраев. Салушы құрылысшы – Сайын Назарбек. Негізгі мағынасы – Сарыарқа төсімен, сайын далада жүзіп келе жатқан алып кеме. Екі мавзолей, екі желкен тәріздес салынған», дейді Абай музей-үйінің меңгерушісі Нұржан Байтөс. Оның айтуынша, кесененiң жүзіп бара жатқан кемедей елес беруінің өзіндік сыры бар. Себебі күн қатты ысыған кезде даладан сағым көтерiледi. Сырттан көз тоқтатқан жанға Абай-Шәкәрiм кесенесi толқыған теңіз үстіндегі сан-мыңдаған ой құшағындағы алып кеме сынды әсер қалдырады. Кесенелердің келбеті мұнара тәрізді соғылған, бір-бірінен пластикалық қасбетімен және күмбездерімен ерекшелене-
ді. Кесенелер ұлутастардан салынған. Уақыт өте келе олар тұтасып, бір қалыпты сақтап қалады деседі.
Дегенмен біз бүгін Абайдай дананың кемел келешегі жолында бір кісідей орны бар әзиз інісі жайында айтқымыз келіп отыр. Ол – Абайдың өз інісі, Құнанбайдың үшінші әйелінен туған Халиолла Өскенбаев. Берісі Семей, арысы Омбы мен Мәскеуден оқып арнайы әскери білім алған, қысқа ғана ғұмырында айналасына шуағын шашқан ізгілікті кісі болған көрінеді. Біз мұны сол Семейдегі сапарымызда «Абай елі» газетінің редакторы Әсет Мырзақасымның айтуынан естіген едік.
«Осы Халиолланың Шыңғыстаудан ұзап шығып, Омбыдан оқуы, одан кейін Мәскеуде білім алған шағы көп ескеріле бермейді. Абайдың орыс тілін білуіне, орыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін тануына Халиолланың үлкен ықпалы болған», дейді Әсет Мырзақасым. Оның айтуынша, Әлкей Марғұлан 1938 жылы профессор Березиннің архивтерін ақтарып отырып, үш хатқа көзі түседі. Әуелі хатты Шоқан жөнінде жазылған деп ұғып қалады. Байыптап аңдаса, Халиоллаға жазылған хаттар екен.
«Бұл үш хаттың сыры бөлек. Ол Ғабитхан деген Абайды оқытқан молданың бір хаты, Құнанбайдың жазған хаты, ең кереметі Абайдың хаты. Онда «Халиолла, қалың қалай? Қашан елге ораласың? Хабарыңды айт, Семейге ат-арба жіберемін» дейді. Неге сағынып отыр? Оның, біріншіден, бауырмалдығы өз алдына, ол жаңалық әкеледі, орыстың дүниесі мен мәдениетін әкеледі, кітап әкеледі деп ынтығады. Абай ел ішіндегі әңгімеден, дау-дамайдан шыға алмай отыр. Сусап отыр. Ал осы кезде жаңағы Халиолла оның тілі болған», дейді Әсет Мырзақасым.
Иә, Әлкей Марғұлан – Халиолланың өмірі мен рухани мұрасын зерттеуге ден қойған алғашқы ғалым. Халиолла жайында әр уақыттарда Г.Потанин, Н.Максимов, И.Березин, Н.Костылецкий атты орыс ғалымдары мен М.Әуезов, С.Мұқанов, Ұ.Сұбханбердина, А.Сағди, М.Бейсенбаев, Т.Жұртбай, Т.Әлімқұлов сынды қазақ жазушылары мен ғалым-зерттеушілер, Кәкітай, Әрхам Ысқақовтар, Ахат Құдайбердиев, Тұрағұл атты Ырғызбай ұрпақтары да жазды. Жас кеткен, отызға жетпей дүниеден озған Халиолла жайында 1896 жылы орыс зерттеушісі Н.Потанин «Ең соңғы қазақ ханзадасының киіз үйінде» (Шығыс сұлтанның үйінде) деген еңбегінде («Русское богатство» журналы. 1896, №8) Халиолланың асқан білімдарлығымен қоса, сол білгенін өз еліне үйретіп, басқа жұрттың әдебиетін қазақ жұртына насихаттап, таныстырудағы еңбегін ерекше баяндайды. Халиолла Тургеневтің, Лермонтовтың, Толстойдың шығармаларын еркін аударып, көппен бөліскен. Өкініштісі сол, Халиолланың аударма мұрасы сақталмаған. Бұл ретте Халиолла Өскенбаевтың өмірі мен әдеби мұрасы әлі де зерттеуді талап етеді.
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 09:39
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 09:25
БҚО-да пиязды экспорттамақ болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:16
2 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аграрлық университет әділет жолында
Білім • Бүгін, 08:52
Ерте қамданғанның есесі кетпейді
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:50
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Қоғам • Бүгін, 08:45
Кәсіпкер • Бүгін, 08:40
Музей • Бүгін, 08:35
Футбол • Бүгін, 08:30
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар