Ләйлі мен Мәжнүн, Зылиха мен Жүсіптің дастанын жата жастана оқимыз. Қапияда қаза болған Төлеген мен арманда кеткен Қыз Жібектің фильмін көріп әлі күнге дейін көзімізге жас аламыз. Бірақ көгілдір экранның сыртындағы бергі өмірді қаншалықты шынайы сүйіп жүрміз? Кіршіксіз сезім, ақ адал махаббат деген аяулы сезімдерді жылтыраған көзалдамшы ұсақ-түйектердің көлеңкесінде қалдырып кетіп жүрген жоқпыз ба? «Заманауи махаббат» (Modern love) сериалының кейіпкерлері сынды шынайы сезімдердің иесі, олар сөзсіз осы әлемде, осы күні, осы сағатта арамызда жүр. Олар деп отырғанымыз бейтаныстар емес, біздің өзіміз.

Егер, осы сериалды көрудің қажеті бар ма деп сұрар болсаңыз, жауап – көруге әбден тұрады. Әр эпизод жеке-жеке оқиғаны арқау ете отырып, ондағы кейіпкерлердің тағдыр талайындағы ой ағымын, көңіл-күй құбылысындағы өзгерістер мен бастан өткерген ішкі шындығы жайында баяндалатын 8 сериядан тұрады. Ал ең соңғы сегізінші бөлім алдыңғы эпизодтардағы оқиғалардың басын біріктіруге тырысады. Бұл Нью-Йорк Таймс журналының «Қазіргі махаббат» бағанындағы кейіпкерлер өмірінен алынған шағын нобайлар.
Фильмде сана мен эмоциялық үндестікке шақыратын серпіліс бар, жамандықты жақсылыққа, зұлымдықты ізгілікке айналдыру өз қолыңда деген өркендеу жолына ұмтылдырып отырады. Бір қарағанда қарапайым адамдардың күнделікті қыңқыл-сыңқылы, күңкіл-шүңкілі сынды маңызды көрінбеуі мүмкін, бірақ өзіміз күрделендіріп алған өміріміздегі құлдырау, қайта тұру, көз жасы, жан қиналысы, көңіл толқынысы сынды белестерді ұқыпты көрсете білген. Мәселен, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы, ересек ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы, араласудағы қателіктер, махаббат, достық, өзіне деген сенімсіздік сынды алуан түрлі тақырып ғылыми тұжырымдармен өріле отырып, қамтылған.
Фильмнің бір жерінде өзіңізді танып жатсаңыз, кезекті бір тұсында кейіпкерлердің әрекетіне қуанып отырар едіңіз. Кейіпкерлер арасындағы қиындықтарға қарамастан, фильм ауанынан сезіліп тұратын жеңілдік пен әуені жанға жағымдылығымен есте қалады. Ал фильмдегі миллиондарды қымсынбай құшағына алып жатқан зор Нью-Йорктің бас айналдырар ғажайып көріністері бірден көрерменнің көңілін жаулап алады.
Заманауи махаббат – қарапайым адамдардың қатынасы. Оған бола супер қаһарман болудың, ақылды әлденені ойлап табудың еш қажеттілігі жоқ. Бұл кез келгеніміздің басымызға түсуі әбден мүмкін өмір жолақтары. Еңсеңіз түсіп, көңіліңізді торлаған сұр бұлттан арыла алмай жүрген болсаңыз, осы фильмді қарап көріңіз. Өкінбейсіз, ішіңіздегі жан сарайыңыз шайдай ашылады. Бұл – өмір жолымыздың сан алуан қырын жан-жақты ашып беретін, ең бастысы өткен де, ертең де емес, қазіргі уақыт екенін еске салатын фильм. Барлығын өз уағында қадірлеу керек, қастерлеу керек, қамқорлық көрсетіп, жақсы көру керек. Ондай болмаған күнде «ішімдегіні тап» деген үнсіздік нағыз бетпердеге айналады да, құрдымға құлата жаздайды. Есесіне айту, сөзбен ұғынысу байыпты байламға келудің тамаша құралы деген ойды жеткізгісі келеді.
Тым тереңге кеткен коммуникациялық дағды осы күні телефоннан бас көтертпейді. Іс жүзінде жастар «Badoo» мен «Tinder» сияқты қосымшаларда, жарқ-жұрқ еткен инстаграм желілерінде уақыт өткізеді. Айналаңа бір уақ зер салсаң басын салбыратқан қауым үнемі төмен қараған күйінше ешкімді, ештеңені байқамастан кетіп бара жатқаны. Кімнен не жасырғысы келеді, әлде кімнен жасырынғысы келеді, беймәлім. Немқұрайды жүрістің сыртында өмір жылыстап өтіп бара жатқанын ұғынса ғой, басын көтеріп, аспанға бірер сәт көз тоқтатса ғой дейсің. Адам баласына бір рет берілетін өмір көптеген жасырын мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерге толы қиял ма дейсің. Бірі өмірді шексіз ұнатып жатса, бірі жек көреді. Соның арасында модерн махаббаттан мән тапқымыз-ақ келеді. Шексіз-шетсіз өмір ағысында әлдеқалай тоғысқан тағдырлардың ендігі беталысы жұмбақ.
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:37
Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:36
LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 14:23
20 жыл бұрын банкротқа ұшыраған кәсіпорын қызметкерлері төлемдерін ала алмай жүр
Саясат • Бүгін, 14:09
Елордада 440-тан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Қоғам • Бүгін, 13:51
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 09:39
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 09:25
БҚО-да пиязды экспорттамақ болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:16
2 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аграрлық университет әділет жолында
Білім • Бүгін, 08:52
Ерте қамданғанның есесі кетпейді
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:50
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Қоғам • Бүгін, 08:45
Кәсіпкер • Бүгін, 08:40
Музей • Бүгін, 08:35
Футбол • Бүгін, 08:30
Ұқсас жаңалықтар