Бойында әкелік мейірі мен қамқорлығы бар Гена мен қалқанқұлақ Чебурашка көбімізге таныс. Таныс деппін-ау, жанымызға жақын кейіпкерлер. Осыдан елу жыл бұрын автор жас оқырман назарына ұсынған еді, содан бері екі дос көрерменмен бірге жасап келеді. Туған күндерде қосылып ән саламыз, көк вагонға отырып алысқа сапар шексек те, сол бір таныс әуен көңіл түкпірімізде ойнап тұрады.

Бүгінде бұл екі дос әлемнің көптеген елінде танымал, тіпті жапон, швед тілдерінде сөйлеседі. Бірақ жарты ғасыр бұрын осынша танымал болады деген ой ешкімнің қаперіне кірмеген, тіпті жазушы Эдуард Успенскийдің өзі де ойламаған болар. «Қолтырауын Гена және оның достары» кітабының алғашқы басылымы 1966 жылы балалар әдебиеті баспасында Валерий Альфеевскийдің суреттерімен жарық көрді. Бұл осыған дейін «Көңілді піл» атты поэзия жинағын шығарған Успенскийдің алғашқы прозалық романы-тұғын. Үш жылдан соң Роман Качановтың әйгілі «Крокодил Гена» анимациялық фильмі көпшілікке жол тартты, осыдан соң-ақ фильм кейіпкерлері атақты болып шыға келді. Бұдан соң да Гена мен оның достары жайында тағы үш мультфильм жарық көрді. Мультфильмдегі образдарды жақсарта түсу үшін кейіпкерлер келбетін өзгертуге тура келді. Мәселен, қоюшы-суретші Леонид Шварцманның тікелей қатысуымен құлағы кішкентай сүйкімсіз көрінетін Чебурашка дереу қалқанқұлақ болып, көзі бақырайып шыға келді. «Қолтырауын Гена және оның достары» кітабының алғысөзінде айтылғандай, Чебурашка – кітап авторының балалық шағындағы сүйікті ойыншығы болған. Әке-шешесінің айтуынша, ойыншық жаңадан сатып алынғанда тропикалық ормандарда өмір сүретін жануар болған көрінеді. Әбден тозығы жеткен ойыншықтың аю, я қоян екені айырғысыз болып, әйтеуір ойыншық белгісінен үлкен көзі мен жалпы бітімі қалса керек. Сондықтан негізгі мәтінде шынымен белгісіз тропикалық жануар кейпінде суреттелетін Чебурашка апельсин толы қорапта ұйықтап қалып, үлкен қалаға тап болады. Апельсинге тойып алған жануар сүрініп, құлай берген соң директор «Чебурашка» атап кетеді.
Ал қолтырауын прототипі баланың ойыншығы емес, ол кәдімгі композитор Ян Френкелдің өзі болатын. 1983 жылы «Балалар әдебиеті» баспасының 50 жылдық мерейтойында Успенский сахнаға көтеріліп: «Қымбатты достар, енді сіздерге қолтырауын Гена кімге арналды деген қорқынышты құпияны ашқалы тұрмын. Ол осында, дәл алдарыңызда отыр» деді. Залдағылар болса төралқа мүшелері ме деп бір-біріне қарасып, Генаны іздеп жатты. Успенский аудиториядағы күлкінің бәсеңдеуін күтіп: «Ян Абрамович, тұрыңыз, өтінемін» деді. Френкель орнынан тұрып, жиналғандарға тағзым етті. Шамасы, композитордың мінезі мен болмысы расында қамқор, мейірімді келген қолтырауынға ұқсас болса керек.
Бірақ мультфильмді түсіру кезінде суретшілер Ян Френкельдің бейнесін емес, тұмсықты келген нағыз қолтырауынның бейнесін қолданды. Мультфильмде Гена тігінен жүріп, костюм, баскиім киеді, күн сайын хайуанаттар бағына барып, сонда қолтырауын болып жұмыс істейді. Оның жұмыс орнының үстінде: «Африкалық қолтырауын Гена. Жасы елуде. Тамақтандыруға және сипауға болады» деп жазылған.
Ал кітаптағы тағы бір кейіпкер, ол – Шапокляк есімді кемпір (көне баскиімнің атауы). Біздің екі достың басты қарсыласы. Сюжет желісіне сәйкес, басты міндеті – «зұлымдық жинау». Жалпы, бұл кейіпкердің шығу тегі қызық. Автор баспасөзге берген бір сұхбатында аталған кейіпкер бірінші әйелінің прототипі екенін мойындаған еді, ал мультфильм кейіпкерлерінің сыртқы пошымын ойлап тапқан суретші Леонид Шварцман Шапоклякты қайын енесінен аздап «көшіріп алған» деседі.
Жоғарыда айтқанымыздай, 1970 жылдары Швеция сериал, радиохабарлар, граммофон жазбаларын және комикс журналдарын шығарып, ондағы кейіпкерлерді Друттен мен Гена («Drutten och Gena») деп атады. Яғни швед тілінде Чебурашка Друттен деп аталды. Құлау, сүріну сөзі ауызекі швед тілінде друттен дегенге саяды. Ал Роман Качановтың мультфильмдеріне құрмет ретінде жапон режиссері Макото Накамура Гена мен Чебурашканы «Чебурашка» (2013) толық метрлі қуыршақ фильміне айналдырды. Аңызға айналған кеңестік мультфильмнің мінезін сақтау үшін барлық қуыршақ пен декорация қайта жасалды: мимика мен кейіпкер дауыстарын барынша дәл беруге тырысты.
Достық біріктіреді, қиындық шыңдайды. Аты аңызға айналған мультфильмнің айтар ойы осы жолдарда жатқандай. Бір-біріне қалтқысыз сенген достар осы күні вагонға жайғасқан күйінде тым ұзаққа сапарлап барады. Жақсылыққа сенетіндер жайында көңілді ән шырқап барады.
Танымал сәулетші Қонаев қаласын дамытуға атсалысады
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:21
Осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
Мәдениет • Бүгін, 17:15
Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
Сайлау • Бүгін, 17:10
Жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберіледі
Қоғам • Бүгін, 16:47
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 16:37
Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр
Елорда • Бүгін, 16:27
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:12
Қаржы • Бүгін, 16:01
Президент журналистерге қарсы жасалған қылмыстарға тергеу жүргізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 15:44
Әлем • Бүгін, 15:33
Семейде қоғамдық көлік жол апатына ұшырады
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Қазақстанда Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:00
БҰҰ Түркия мен Сирияға 25 млн доллар жібереді
Әлем • Бүгін, 14:54
Walt Disney 7 мың қызметкерін жұмыстан шығарады
Әлем • Бүгін, 14:43
Қазақстаннан шетелге мал шығаруға шектеу қойылды
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Ресейдің Новосібір қаласында жойқын жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 14:30
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы төмендеді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты
Ғылым • Бүгін, 13:18
Түркияда отандастарымызды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылар 3 адамды құтқарды
Видео • Бүгін, 12:42
Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:32
Қазақстанда беделді MOTO GP турнирі өтеді
Мәдениет • Бүгін, 12:25
Қазақстанда фрилансерлер саны артты
Қоғам • Бүгін, 12:12
Сенат отырысында бірқатар заң мақұлданды
Парламент • Бүгін, 11:58
Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды
Бокс • Бүгін, 11:48
Абай облысы Түркия еліне көмектесуге дайын
Аймақтар • Бүгін, 11:30
«Qazcontent» АҚ төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:27
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:12
Қазақстан құрамасы Беларусь футболшыларымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады
Үкімет • Бүгін, 10:50
Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
Үкімет • Бүгін, 10:45
Беларусьтен халықаралық іздеудегі адам экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 10:28
Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:07
Рудныйда бірқатар үй тағы жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 09:50
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 09:42
Ұқсас жаңалықтар